H01BA04 Терлипрессин¹ (Terlipressin)
Қолдану көрсеткіштері
Өңеш көктамырларынан қан кету.
-
Клинические протоколы:
- Акушерский сепсис
- Трансплантация печени
- Кровотечение из варикозно-расширенных вен пищевода
- Портальная гипертензия у детей
- Цирроз печени у взрослых
- Врожденная кистозная трансформация общего желчного протока у детей
- Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
- Острая кишечная непроходимость
- Сепсис
Қарсы көрсеткіштері
Терлипрессинге және қосымша заттарға жоғары сезімталдық, септикалық шок, эпилепсия.
Қауіпсіздік шаралары
Егде жастағы пациенттерге, ЖИА, ауыр артериялық гипертензия, жүрек аритмиясы, бронх демікпесі, атеросклерозы бар науқастарға сақтықпен қолдану керек. Терлипрессинді қабылдағанда гиповолемия белгілерін анықтау және тұрақты кардиомониторинг жүргізу үшін пациентті мұқият бақылау талап етіледі.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Тамыр соғысын баяулататын препараттар- айқын брадикардия даму қаупі. Бета- адреноблокаторлар, таңдамалы емес- портальді гипертензияның төмендеуі.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Емізу кезінде терлипрессин препаратын қолдану ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауруы, бозару, артериялық қысымның жоғарылауы, аритмия, брадикардия, жедел коронарлы жеткіліксіздіктің дамуы, іштің ауыруы, жиырылудың ішек шаншуына дейін күшеюі, жүректің айнуы, диарея.Сирек: демікпе, тынысалу жеткіліксіздігі, өкпе ісінуі, тахикардия, кеуденің ауыруы, жыпылықтаушы аритмия, қарыншалық экстрасистолия, миокард инфарктісі, интестинальді ишемия, перифериялық цианоз, құйылулар, жүректің өткінші айнуы, құсу, эндометрия және миометрияда қанайналымның бұзылуы, гипонатриемия, гипокалиемия, инъекция жасалған жерде фокальді некроз; өте сирек демікпе.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.