A07AA12 Фидаксомицин (Fidaxomicin)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде Clostridium difficile туындатқан жұқпаларды емдеуде.

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді компонентіне немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланды, соның ішінде жедел ангионевротикалық ісіну. Фульминантты немесе өміріне қауіпті псевдомембранозды колиті бар емделушілерге сақтықпен қолданыңыз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Р-гликопротеиннің күшті тежегіштерімен -(циклоспорин, кетоконазол, эритромицин, кларитромицин, верапамил, дронедарон, амиодарон)- фидаксомицин концентрациясының жоғарылауы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге сақтықпен қолданылуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге сақтықпен қолданылуы тиіс

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Егер ана мен бала үшін күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болса.   Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүрек айну, құсу, іштің қатуыЖиі емес: бас айналу, бас ауыру, дисгевзия, ауыздың құрғауы, іштің кебуі, метеоризм, тәбеттің төмендеуі, аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы.Жиілігі белгісіз: аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевротикалық ісіну, диспноэ)

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.