G03GA09 Корифоллитропин альфа (Corifollitropin Alpha)

Қолдану көрсеткіштері

Қосалқы ұрпақ өрбіту технологиясы (ҚҰТ) бағдарламасына қатысатын әйелдерде көптеген фолликулдар түзу мақсатында гонадотропин-рилизинг гормоны (ГнРГ) антагонисімен біріктіріліп, аналық бездердің бақыланатын (АББС) стимуляциясында

Қарсы көрсеткіштері

 Әсер етуші затына немесе қандай да болсын қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық; аналық бездердің, сүт безінің, жатырдың, гипофиз немесе гипоталамус ісіктері; себебі көрінбейтін/диагнозы анықталмаған себепсіз аномалиялық (етеккірлік емес) қынаптық қан кетулер; аналық бездердің бастапқы жеткіліксіздігі; аналық бездер кисталары немесе аналық бездердің үлкеюі; жүкті болуды және әріқарай жүктілікті көтеруді қиындататын жатырдың фиброидты ісіктері; даму ақаулары және/немесе ұрпақ өрбіту ағзаларының жүктілікпен үйлесімсіз деформациялары; жүктілік және лактация кезеңіаналық бездердің гиперстимуляциялану синдромы (АБГС) дамуының қауіп факторы: анамнездегі аналық бездердің гиперстимуляциялану синдромы; анамнезінде УДЗ зерттеулерінің деректерімен анықталған  ≥ 11 мм 30-дан астам фолликулдар  өсуі бар алдыңғы циклда аналық бездердің бақыланатын стимуляциясы; негізгі антральді фолликулдар саны >20; поликистозды аналық бездер синдромы.

Қауіпсіздік шаралары

Назар аударныңыз! Аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы дамуы мүмкін.АБГС туындау қаупін азайту үшін  препараттың ұсынылатын дозаларын және қолдану сызбасын ұстану, сондай-ақ  аналық бездердің жауабын мұқият  қадағалауды жүргізу талап етіледі. АБГС дамыған жағдайда АБГС емдеудің стандартты тактикасын басшылыққа алу керек.Әйел мен оның серіктесін емдеуді бастар алдында ана (жүктілік пен босанудың асқынулары,тромбоэмболиялық асқынулар тәуекелдері) мен жаңа туған сәби үшін (дене салмағының төмендігі,туа біткен ақау) қауіп болуы мүмкіндігі туралы хабардар ету керек.  Терапия кезінде бас айналу салдарынан көлік құралдарын және басқа да қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Гонадотропин-рилизинг-гормон (ГнРГ) агонисімен үйлестіріп қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ұсынылмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, ауырсынулы жай-күй (жүрек айнуы), қажығыштық (шаршағыштық), аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы (АБГС), кіші жамбас астауы аумағының ауыруы және жайсыздық; сүт бездері тарапынан ауырсынулар Жиі емес: аналық бездердің бұратылып кетуі, жатыр қосалқыларының ауырулары, мезгілінен бұрын болатын овуляция, сүт бездерінің ауырулары; бас айналуы, көңіл-күй ауытқулары, ысынулар; құсу, ішек тарапынан бұзылыстар (диарея, іш қатуы, іштің кебуі); өздігінен болатын аборт; инъекция орнындағы гематома, инъекция орнындағы ауыру, тітіркенгіштік, емшара жүргізу уақытындағы ауыру, арқадағы ауыру; аланинаминотрансфераза (АЛТ) және аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы.

Балаларда қолданылуы

Препарат тағайындау үшін көрсетілім жок