G03GA04 Урофоллитропин (Urofollitropin)
Қолдану көрсеткіштері
Ановуляцияға негізделген (атап айтқанда аналық бездер овариальді поликистозы нәтижесінде), кломифен цитратымен емдеуге келмейтін әйел бедеулігінде; қосалқы репродуктивтік технологиялар (ҚРТ), in vitro ұрықтандыру, сондай-ақ сперматозоидтардың интраплазмалық инъекциясын (ИЦИС) жүргізгенде фолликулдардың көптеп өсуін индукциялау мақсатындағы бақыланатын аналық бездер гиперстимуляциясы.
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компонентеріне жоғары сезімталдық; мерзімінен тыс менопауза, фолликула дамуымен байланысты емес бедеулік (мысалы, жатыр түтіктерімен немесе жатыр мойнымен байланысты), аналық без кистасы (аналық без поликистозы синдромымен байланысты емес), жыныс жолдарынан шығу тегі белгісіз қан кетулер, аналық бездер гипергонадотроптық жеткіліксіздігі, гиперпролактинемия, қалқанша без және бүйрек үсті безінің декомпенсацияланған патологиясы - аналық без, жатыр немесе сүт бездері ісігі, гипофиз немесе гипоталамус ісігі, аналық бездер гиперстимуляциясы синдромы, аналық бездердің бастапқы жеткіліксіздігі, жыныс мүшелері немесе жатыр фибромы дамуының кемістіктері.
Қауіпсіздік шаралары
Аналық бездер гиперстимуляциясы мен көп ұрықты болдырмау мақсатында тағайындалған дозаларда қолдану қажет.Жіті порфириялар
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен бір еккіште араластыруға болмайды. Кломифен цитраты-фолликулярлық реакцияны арттыруы мүмкін.Гонадотропин-рилизин гармонының агонистімен гипофиз десенсибилизацисында -дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек: инъекция енгізген орындағы қызба және жергілікті реакциялар, жүрек айну, құсу, іштің төменгі жағының ауыруы, аналық бездер гиперстимуляциясы, асцит, тері бөртпесі, буындардың ауыруы, кеуде аумағының ауыруы, сүт бездерінің қатаюы, аз мерзімдегі жүктіліктің ерте үзілуі, жатырдан тыс және көп ұрықты жүктілік, артериялық тромбоэмболия және шеткергі немесе ми қантамырлары тромбозы (мысалы, өкпе артерияларының эмболиясы, апоплексия, шеткергі артериялардың эмболиясы).
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.