G03DC02 Норэтистерон (Norethisterone)
Қолдану көрсеткіштері
Етеккір алдындағы синдром; мастодиния; секреторлық фазасының қысқаруымен етеккір оралымы бұзылуы; жатырдан дисфункциональді қан кету (менопауза кезеңіндегі қан кетуді қоса); эндометрийдің безді-кистозды гиперплазиясы; эндометриоз; аденомиоз; лактацияны басу және алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Нарушения менструального цикла
- Гиперпластические процессы эндометрия
Қарсы көрсеткіштері
Сүт безінің обыры; әйелдер жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері; жүктілікті болдырмау үшін қан кетуді болдырмау, сондай-ақ қатерлі және қарапайым түсік тастау мақсатында қолдану; тұқым қуалайтын галактоза, лактозаны көтере алмаушылық, лактазды жеткіліксіздік, глюкозы/галактоза мальабсорбциясы.
Қауіпсіздік шаралары
Жүрек-қантамырлар жүйесінің ауруларында, бронх демікпесінде, эпилепсия; тромбоздарға бейімділік кезінде ұзақ мерзімде сақтықпен қолдану қажет. Гинекологиялық, онкологиялық және сүт бездерін алдын ала тексеру қажет. Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин, рифампицин, окскарбазепин және рифабутин - норэтистерон емдік тиімділігінің төмендеуі.Гризеофульвин - етеккір оралымының бұзылуы.Құрамында шілтерлі шәқурай бар препараттар - прогестагендер метаболизмінің күшеюі.Циклоспорин - метаболизмді тежеуі мүмкін, плазмадағы прогестерон концентрациясының және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің бұзылыстары кезінде ұзақ мерзімде сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Гепатиттер мен бауыр қызметінің бұзылыстары кезінде ұзақ мерзімде сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Сүт бөлінуін төмендетеді және оның сапалық көрсеткіштерін өзгертеді. Емдеу кезінде бала емізуі тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы; жүрек айнуы, құсу; сүт бездерінің ауыруы және тырысуы; гастроинтестинальді шағымдар; етеккір аралық қан кетулер; ісінулер; парестезиялар; дене салмағының өзгеруі.Сирек: шаршағыштық.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.