G03CA04 Эстриол (Estriol)

Қолдану көрсеткіштері

Климактериялық атрофиялық вагинит (қысқа мерзімді пайдалануға арналған); қынаптық жолдарға хирургиялық араласуларда менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдердің операциядан кейінгі және операция алдындағы емі.
    Клинические протоколы:
  1. Выпадение женских половых органов
  2. Нарушения менопаузы и другие нарушения в околоменопаузальном периоде

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық, белсенді немесе жақында өткерген артериялардың тромбоэмболиялық аурулары (стенокардия, миокард инфарктісі), көктамырлық тромбоздар (терең көктамырлық тромбоз, өкпе артерияларының эмболиясы), тромбофилиялық бұзылыстар (С протеині, S протеині немесе антитромбин тапшылығы), эстрогенге тәуелді қатерлі жаңатүзілімдер немесе оларға күдіктенгенде (соның ішінде эндометрия обыры); эндометрия гиперплазиясы; шығу тегі белгісіз жатырдан қан кету, сүт безінің обыры, анамнезінде Дабин-Джонсон синдромы (немесе мұқият мониторинг жүргізу), Ротор синдромы (немесе мұқият мониторинг жүргізу), порфирия.

Қауіпсіздік шаралары

Жалпы сақтық шаралары: қант диабеті (жүрек-қантамыр аурулары қаупінің жоғарылауы); тромбоэмболияға бейімдейтін факторлар; анамнезінде сүт безінің түйінді немесе фиброзды-кистозды түзілімдері (сүт безі обырының қаупі); гипофиз ісіктері; өт қабының аурулары; бас сақинасы (немесе бас сақинасы тәрізді бас ауыруы); фосфолипидке қарсы антиденелердің болуы (тромб түзілу қаупінің жоғарылауы); эстрогенге тәуелді ісіктерге бейімдейтін факторлар (мысалы, бірінші дәрежедегі сүт безінің обыры); эндометриоз симптомдарының күшеюі мүмкін; жатыр миомасы өлшемінің ұлғаюы мүмкін.Қынапқа қолдану кезінде: емді жалғастырудың қажеттілігін мерзімді бағалаумен, емдеуді үзу.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Құрысуға қарсы дәрілер (мысалы, фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин) және микробқа қарсы дәрілер (мысалы, рифампицин, рифабутин, невирапин және эфавиренц) - эстрогендер метаболизмінің күшеюі.Күшті тежегіштер ретінде белгілі ритонавир және нелфинавир - әсерінің күшеюі.Шәйқурай препараттары - эстрогендер метаболизмінің күшеюі.Гиполипидемиялық дәрілік заттар - эстриол гиполипидемиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтеді.Ерлер жыныстық гормондары, антикоагулянттар, антидепрессанттар, диуретикалық, гипотензивті, гипогликемиялық дәрілік заттар - эстриол берілген дәрілік заттардың әсерін әлсіретеді.Жалпы анестезияға арналған дәрілік заттар, есірткілік анальгетиктер, анксиолитиктер, кейбір гипотензивті дәрілік заттар, этанол - эстриол тиімділігінің төмендеуі.Фолий қышқылы және қалқанша безі препараттары - эстриол әсерінің күшеюі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек аурулары кезінде сақтықпен қолдану керек. Қауіпсіздік дәлелдері сенімді емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметі көрсеткіштерінің қалпына келгенше, бауыр экскрециясының бұзылуы (мысалы, Дабин-Джонсон немесе Ротор синдромы), инфекциялық гепатит және бауыр ісігі, немесе анамнезінде бауыр ауруларын қоса, жедел сатыдағы бауыр аурулары кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиілігі белгісіз: іштің кебуі, іштің ауыруы, қан липидтері қатынасының өзгеруі (панкреатит, бөртпе және хлоазма дамуы мүмкін), кеуденің ұлғаюы, сүт бездерінің ауырсынуы, либидо өзгеруі, холестатикалық сарғаю, жанаспалы линзаны тағу кезінде тітіркену болуы мүмкін, депрессия, бас айналуы, сұйықтықтың іркілуі, глюкозаға төзімділіктің бұзылуы, бас ауыруы, аяқтың құрысуы, бас сақинасы, көңіл-күйдің өзгеруі, жүрек айнуы, етеккір алдындағы синдром, ағзада натрийдің іркілуі, қынаптық кандидоз, құсу, салмақтың өзгеруі.Қынаптық қолдану кезінде: жергілікті тітіркену.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Қолданбау.