G03AA12 Дроспиренон және Этинилэстрадиол (Drospirenone and Ethinylestradiol)
Қолдану көрсеткіштері
Оральді контрацепция.
-
Клинические протоколы:
- Дисфункция яичников
- Угревая болезнь
- Дисменорея
- Синдром предменструального напряжения
Қарсы көрсеткіштері
Аса жоғары сезімталдық, шығу тегі белгісіз қынаптан қан кету, орнатылған немесе жорамалданған сүт безі обыры, орнатылған немесе жорамалданған гормонға тәуелді обыр алды аурулар немесе гормонға тәуелді қатерлі ісіктер, жедел артериялық тромбоз немесе тромбоэмболия (сондай-ақ миокард инфарктісі, инсульт), өршу сатысындағы терең көктамырлар тромбозы, көктамырлық тромбоэмболия, айқын гипертриглицеридемия, туа біткен гипербилирубинемия, холестатикалық сарғаю, эндометриоз, жатыр миомасы, қант диабеті.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты қабылдауды бастамас бұрын толық клиникалық тексерістен өту, жүктілік пен ісікті болдырмау. Біріктірілген ішуге арналған контрацептивтерді қолданатын әйелдерде көктамырлық және/немесе артериялық тромбоэмболиялық асқынулардың қаупі жоғары. Жоғары қауіп БІК қабылдауды тоқтатудан кейін 10 жыл ішінде біртіндеп жоғалады. БІК пайдаланған әйелдерде, оларды ешқашан қолданбаған әйелдерге қарағанда, сүт безі обырының ертерек сатылары анықталады. БІК қолдану аясында сирек жағдайларда қатерсіз бауыр ісіктерінің дамуы және одан да сирек қатерлі бауыр ісіктерінің дамуы байқалды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бауыр ферменттерін индуцирлейтін дәрілік препараттар (фенитоин, барбитураттар, примидон, карбамазепин және рифампицин, бозентан) және АИТВ- инфекциясын емдеуде қолданылатын препараттар (ритонавир, невирапин) – жыныс гормондары клиренсі артуы мүмкін.Пенициллиндер және тетрациклиндер - препарат тиімділігінің төмендеуі.Ангиотензинконвертаза тежегіштері немесе СЕҚҚП - бүйрек жеткіліксіздігі жоқ пациенттерде сарысудағы калий деңгейіне клиникалық тұрғыдан айтарлықтай әсер етпейді.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: эмоциональді лабильділік, бас ауыруы, жүрек айнуы, іш ауыруы, акне, дене салмағының артуы, сүт безінің ауыруы, аменорея, метроррагия.Жиі емес: кандидоз, қарапайым ұшық; аллергиялық реакциялар, депрессия, жоғары қозғыштық, ұйқысыздық, бас айналуы, парестезия, көрудің бұзылуы, өкпе эмболиясы, гипотония, бас сақинасы, экстросистолия, тахикардия, гипертензия, көктамыр варикозы; фарингит, асқазан-ішек бұзылыстары, ангионевротикалық ісіну; тері аурулары, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет түйілуі, цистит, вагинит, жамбас ауыруы, аналық безі кистасы, жатыр/қынаптан қан кету, генитальді бөлінулер; етеккір айналымының бұзылуы, дисменорея, гипоменорея, меноррагия.Сирек: артериялық немесе көктамыр тромбоэмболиясы, флебит, қан-тамырлық бұзылулар, демікпе, мультиформалы эритема, естудің төмендеуі.
Балаларда қолданылуы
Менархе басталуынан кейін ғана қолдану көрсетілген.