A06AX05 Прукалоприд (Prucalopride)
Қолдану көрсеткіштері
Басқа іш жүргізетін дәрілік заттар көмектеспегенде, созылмалы іш қату.
Қарсы көрсеткіштері
Крон ауыруы, ішек бітелісі, ішек тесілуі; уытты мегаколон, жаралы колит.
Қауіпсіздік шаралары
Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы, аритмиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Диализді қажет ететін бүйрек функциясының ауыр дәрежесінде қолдану ұсынылмайды. Көлік құралын және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақтық таныту керек, өйткені пациенттерде емделу кезінде бас айналу шаршағыштық пайда болуы мүмкін
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ақпарат жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары кезінде (ШСЖ ) < 30 мл/мин /1,73 м2) доза тәулігіне 1 мг құрайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Доза коррекциясын қажет етпейді
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жалпы немесе өте таралған: тәбеттің төмендеуі; диарея; бас айналуы; шаршау; асқазан-ішек жайсыздығы; асқазан-ішек бұзылулары; бас ауруы; жүрек айнуы;құсу.Сирек: аноректальды қан құйылу; қызба; әлсіздік; тахикардия; тремор.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.