G01AX06 Фуразолидон (Furazolidone)
Қолдану көрсеткіштері
Лямблиоз, тағамдық токсикоинфекциялар және жедел бактериялық диареялар, уретриттер.
-
Клинические протоколы:
- Диарея и гастроэнтерит предположительно инфекционного происхождения
- Диарея у детей. Затяжная диарея
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися диареей
- Реактивные артриты (M02.8)
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Хроническая трансплантационная нефропатия
Қарсы көрсеткіштері
Фуразолидонға аса жоғары сезімталдық, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі, жедел порфирия.
Қауіпсіздік шаралары
Электролиттiк бұзылулары, бүйрек функциясының бұзылуы және В тобы дәрумендерінің тапшылығы бар адамдарға сақтық таныту керек, себебі препараттың нейроуытты әсерi күшеюi мүмкiн. Құрамында тирамин бар ферменттелген тағам өнімдерін рационнан алып тастау (қызыл шарап, ысталған ет және ет өнімдері, устрицалар, ірімшіктің жұмсақ сұрыпы, шоколад, соя ақуызы бар өнімдер). Қышқыл жемiс шырындары, тіпті уытты әсердің даму мүмкiндiгіне дейiн фуразолидонның әсерін күшейтедi.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Аминогликозидтер, тетрациклиндер, амин қышқылдары ерітінділері, аскорбин қышқылы, метионин, калий оротаты - фуразолидонның миркобқа қарсы әсерінің күшеюі.Хлорамфеникол, ристомицин - қантүзілудің айқын бәсеңдеуі.Құрамында алкоголь бар сусындар - дисульфирам тәрізді әсер.МАО тежегіштері, трициклді антидепрессанттар, симпатомиметиктер - гипертониялық криз даму қаупі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Жүктіліктің І триместрінде қарсы көрсетілген. Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрінде қолданылуы мүмкін.
Емізу
Емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Жүрек айнуы, құсу, анорексия, бас айналуы, полиневриттер, тері бөртпелері түріндегі терілік аллергиялық реакциялар.
Балаларда қолданылуы
2 жасқа дейінгі балаларда қолдану қарсы көрсетілген. Балаларға 3-4 қабылдаумен тәулігіне 10 мг/кг дозада тағайындайды.