G01AF12 Фентиконазол (Fenticonazole)

Қолдану көрсеткіштері

Фентиконазол дәрілік препараты C. albicans немесе препаратқа сезімтал беткейлік дерматофиттерден туындаған инфекцияларды жергілікті емдеу үшін, сондай-ақ түрлі түсті кебекті теміреткімен күресу үшін қолданылады;
жыныс мүшелерінің шырышты қабығының кандидозы (кандидозды вульвовагинит)
- қынаптық трихомониаз.
Имидазол туындылары онихомикозды және эритразманы емдеуде сәтті қолданылады.

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Препаратты етеккір кезінде қолдануға болмайды (қынап ішіне қолдануға арналған).

Қауіпсіздік шаралары

Өңделген аймақтар күн сәулесінің әсеріне ұшырамауы керек.
Фентиконазолды терінің шектеулі аймағына ғана қолдану керек.
Егер жақсару болмаса немесе жағдайдың нашарлауы байқалса, дәрігерге қаралу керек.
Жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары мен аллергиялық реакциялар дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу және тиісті емдеуді бастау керек.
Препараттың көзге түсуіне жол бермеу керек. Егер препарат кездейсоқ көзге түссе, оларды көп мөлшерде сумен шаю керек.
Сыртқа қолданған кезде терінің ауқымды аймағына ұзақ уақыт жаққан кезде сенсибилизацияның даму қаупі артады.
Егер емдеу аяқталғаннан кейін инфекцияның клиникалық белгілері сақталса, диагнозды растау үшін қайта микробиологиялық зерттеу жүргізу керек.
Пациенттер дәрігермен кеңесу керек:
• 1 апта бойы әсер болмаған жағдайда;
• қайталанатын симптомдар жағдайында (соңғы 6 айда 2-ден астам инфекция);
• 60 жастан асқан пациенттерге;
• имидазолдарға аса жоғары сезімталдық болған кезде
• емдеумен байланысты эритема, қышу немесе бөртпе сияқты кез келген жағымсыз реакциялар кезінде.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Деректер жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Деректер жоқ.

Емізу

Деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Ұрпақ өрбіту жүйе мен сүт бездері тарапынан бұзылулар:
Өте сирек - вульвовагина аумағындағы ашыту сезімі.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар (қынапішіне қолданған кезде):
Өте сирек - эритема, қышу, бөртпе.
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар:
Белгісіз - қолдану орнындағы жоғары сезімталдық.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Сыртқа қолдануға арналған. Кремді сау терінің шамамен 1 см беткейін қамти отырып, алдын ала тазартылған зақымданған жерлерге біркелкі жұқа қабатпен жағады және ақырын сылап сіңдіреді.
Дерматомикоз кезінде жергілікті сыртқа қолдануға арналған кремін терінің зақымданған жерлеріне күніне 1-2 рет жағады. Емдеу ұзақтығы қоздырғыштың этиологиясына және инфекцияның орналасуына байланысты. Аурудың симптомдары әдетте 2-4 аптадан кейін басылады. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы - 4 апта.

Балаларда қолданылуы

Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Балаларда препаратты қолдану туралы деректер жоқ.