G01AF11 Кетоконазол (Ketoconazole)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел және созылмалы қайталанатын вульвовагинальді кандидозда; организмнің төзімділігі төмендеген кезде және бактерияға қарсы дәрілермен және қынаптың қалыпты микрофлораларын бұзатын басқа да препараттармен емдеу аясында зеңдік инфекцияның пайда болуының  профилактикасында.
    Клинические протоколы:
  1. Воспалительные заболевания промежности, вульвы и влагалища (бартолинит, вульвит, вагинит)

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

Қауіпсіздік шаралары

Латекстен жасалған (контрацептивті диафрагма, мүшеқап) бұйымдармен жанасудан аулақ болу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • Рифампицин және изониазид-препараттың плазмадағы концентрациясының төмендеуі. • Циклоспорин, метилпреднизолон, кумарин - препараттың плазмадағы концентрациясының жоғарылауы.Вагинальды суппозиторий түрінде дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің практикалық маңызы белгісіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет емес

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет емес

Жүктілік

Жүктіліктің І триместрінде қолданбайды. II-III триместрде тек ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдану керек.

Емізу

Тек ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылу керек.

Жағымсыз әсерлері

Енгізген жердегі жалпы бұзылыстар мен бұзылулар: қынаптың тітіркенуі (қышу, ашытуды сезіну, қызару).Сирек: жүрек айнуы, іштің ауыруы, вертиго; есекжем, анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар, ангионевроздық ісіну; тері бөртпесі.

Балаларда қолданылуы

Жыныстық өмірді бастағанға дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.