A06AX03 Лубипростон (Lubiprostone)

Қолдану көрсеткіштері

Созылмалы идиопатиялық іш қату; алдыңғы онкологиялық аурулармен немесе апиын дозасының жиі (мысалы, апта сайын) эскалациясын талап етпейтін оны емдеумен байланысты созылмалы ауыруы бар пациенттерді қоса, созылмалы онкологиялық ауыруы бар пациенттердегі апиын-индукцияланған іш қату;18 жастан асқан әйелдердегі іш қатуымен бірге тітіркенген ішек синдромы.

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; ақазан-ішек жолының механикалық обструкциясына күдік туғанда немесе расталғанда қолдануға болмайды.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратын қабылдау кезінде жүрек айнудың пайда болуы мүмкін; бұл симптом әдетте препаратты тамақпен бірге қабылдаған кезде азаяды.Ауыр диареяда  препаратты пайдаланбаған дұрыс.Пациенттерге емдеу кезіндегі естен тану және гипотония қаупі, сондай-ақ бұл қауіптің басқа жағымсыз реакциялар, мысалы, диарея немесе құсу туындағанда ұлғаятыны туралы ескертілуі керек.Препаратын тәулігіне екі рет 24 мкг дозада қабылдаған кезде ентігудің пайда болғаны туралы тіркеуден кейінгі хабарлар бар. Асқазан-ішек жолының механикалық обструкциясына күдік туғанда  препаратымен емді бастағанға дейін мұқият тексеру жүргізу және мұндай жай-күйдің жоқ екеніне көз жеткізу қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Опиоидтармен өзара әрекеттескен кезде-дифенилгептан туындысы: дифенилгептан туындысының химиялық классына жататын опиоидтардың әсерімен - препараттың тиімділігі төмендейді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының орташа бұзылыстары бар пациенттерге жозаны төмендету қажет.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Емізетін аналарға препаратын сақтықпен тағайындайды, емшектегі балада диарея туындауына бақылау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жүрек айну; диарея; естен тану және гипотония; ентігу

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.