G01AA01 Нистатин (Nystatin)

Қолдану көрсеткіштері

Candida тектес ашытқы тәрізді зеңдер туғызған вульво-вагинальді аймақтың шырышты қабықтарының кандидозын емдеу.Клиникалық хаттама:   1. Бұт, сарпай және қынаптың қабыну аурулары (бартолинит, вульвит, вагинит)
    Клинические протоколы:
  1. Воспалительные заболевания промежности, вульвы и влагалища (бартолинит, вульвит, вагинит)

Қарсы көрсеткіштері

Препарат және оның компоненттеріне асқын сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Етеккір кезінде емдеуді үзбеу керек. Жыныстық жұбын бір мезгілде емдеу және жыныстық қатынаста болмау ұсынылады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Калий перманганаты, сутегі асқын тотығы, натрий гидрокарбонаты, салицил қышқылы, сүт қышқылы - нистатинмен химиялық үйлесімсіздігі байқалады.Гидрокортизон және бүйрекүсті безі қыртыстарының басқа гормондары - нистатиннің зеңге қарсы әсерінің төмендеуі.Клотримазол - клотримазол белсенділігінің төмендеуі.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Емдеу кезінде бала емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялар: вульво-вагинальді аймақтың шырышты қабықтарының ашытуы мен қышуы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.