D11AH02 Пимекролимус (Pimecrolimus)

Қолдану көрсеткіштері

Жергілікті кортикостероидтармен емдемеген жөн немесе емдеу мүмкін емес болғанда жеңіл және орташа айқындықтағы атопиялық дерматитпен пациенттерді емдеуде.
    Клинические протоколы:
  1. Атопический дерматит
  2. Атопический дерматит у детей

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

 •  Туа біткен немесе жүре пайда болған иммун тапшылығымен пациенттерде, немесе иммуносупрессиялық препараттармен ем алатын пациенттерде қолдануға болмайды. •  Жедел  вирусты инфекциялармен (қарапайым герпес, жел шешек) зақымданған тері бөліктеріне қолдануға болмайды. • Трансплантациядан және иммуносупрессорларды ұзақ уақыт жүйелі қолданудан  кейінгі пациенттерде кальциневрин тежегіштерін жүйелі қолдану лимфомалар және терінің қатерлі ауруларының пайда болуының жоғары қаупімен жүреді. • Препаратты қабылдаған пациенттерде лимфаденопатия пайда болғанда, аталған үдерістің этиологиясын анықтау керек, аталған препаратпен емдеуді тоқтату керек. Лимфаденопатия қайтқанша пациентті бақылау керек. • Эритродермиямен, Нетертон синдромымен пациенттерге  ұсынылмайды. • Терінің жедел қабыну үдерісімен пациенттерде немесе оның бүтіндігі бұзылған жағдайда препараттың жүйелі концентрациясы жоғары болуы мүмкін. Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен ықтимал өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.  • Вакцина енгізілген аймаққа әсер етуі зерттелмегендіктен, оны вакцинациядан кейінгі реакцияның жергілікті байқалуы түгелдей жойылғанша, осы маңайға жағуға болмайды.  • Емдеу кезінде терінің ультракүлгін сәулемен шамадан тыс сәулеленуін (солярий, В спектрі ультракүлгін сәулелену емі мен А және PUVA-терапия пайдалануды қоса) болдырмаған жөн.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет емес.

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Нәрестенің аузына кездейсоқ түсіп кетуінен аулақ болу үшін, оны кеуде тұсына жағуға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: крем жағылған жердегі күйдіру сезіміЖиі: тері инфекциялары (фолликулит), жағылған жердегі реакциялар (тітіркену, бөртпе, эритема)Жиі емес: жанаспалы моллюск, фурункул, импетиго, герпес симплекс, белдемелі герпес, герпестік дерматит, тері папилломасы, жергілікті тері реакциясы  (бөртпе, ауыру, парестезия, түлеу, құрғақтық, ісіну)Сирек: алкогольді көтере алмау (көптеген жағдайларда қан кернеуін сезіну, бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну); аллергиялық реакциялар (бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну), тері түсінің өзгеруі (гипопигментация, гиперпигментация)Өте сирек: анафилаксиялық реакциялар.

Балаларда қолданылуы

2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.2 жастан асқан балалар мен жасөспірімдердегі дозасы және қолдану тәсілінің  ересек пациенттер үшін ұсыныстардан айырмашылығы жоқ.