A06AG04 Глицерол (Glycerol)

Қолдану көрсеткіштері

Іш қатуларды қысқа мерзімді емдеуде (ішектің босауын стимуляциялау және тездету үшін).

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; іштің шығу тегі белгісіз жедел ауыруы; жүрек айну немесе құсу; ішектің бітелуі немесе стеноз; шығу тегі белгісіз аноректальді қан кету; геморроидальді қан кету; организмнің қатты сусыздануы.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты іш ауырғанда, жүрек айнығанда және құсқанда  қолдануға болмайды. Іш жүргізетін дәрілерді шамадан тыс пайдалану, кейіннен сұйықтық, минералдық тұздар мен басқа да қажетті заттарды жоғалта отырып, тұрақты диареяға әкелуі мүмкін. Ауыр жағдайларда жүрек немесе жүйке-бұлшықет жүйесі қызметінің бұзылуына әкелуі ықтимал сусыздану немесе гипокалиемия дамуы мүмкін. Іш жүргізетін дәрілерді дұрыс пайдаланбау созылмалы іш қатуға және асқазан-ішек қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Жүктілік

Сақтықпен қолданған жөн.

Емізу

Сақтықпен қолданған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті түйіліп ауыру, іштегі түйіліп ауырулар; іш өту (сұйықтық пен электролиттерді жоғалту).

Балаларда қолданылуы

Қолдану тәсілі бойынша препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгіну керек.