D08AG Йод, калий йодиді, глицерин, су (Iodide, рotassium iodide, glycerol, water)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен балаларда ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығының инфекциялық-қабыну аурулары.

.

    Клинические протоколы:
  1. Отиты (у взрослых и у детей)
  2. Хронический ринит
  3. Острый и хронический тонзиллит
  4. Последствия термических и химических ожогов, отморожений, ран

Қарсы көрсеткіштері

- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр мен бүйректің ауыр түрдегі аурулары
- 6 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік кезеңі

Қауіпсіздік шаралары

Препараттың көзге түсуіне жол бермеңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Фармацевтикалық эфир майларымен, аммиак ерітінділерімен үйлесімсіз.
Сілтілік немесе қышқыл орта, майдың, іріңнің, қанның болуы антисептикалық әсерін әлсіретеді.
Натрий тиосульфаты йодтың белсенділігін жояды. Препарат ішке түскен жағдайда қалқанша безінің қызметін бәсеңдететін дәрілік заттардың әсерін төмендетуі мүмкін, сонымен қатар қалқанша безі қызметінің көрсеткіштері өзгеруі мүмкін. Йод препараттары асқазан-ішек жолдары шырышты қабықтарына кейбір дәрілік заттардың (оның ішінде ацетилсалицил қышқылын) тітіркендіретін әсерін ішке кездейсоқ түскенде күшейтуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Көрсеткіштер бойынша қолданылады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Көрсеткіштер бойынша қолданылады.

Жүктілік

Жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Сіңірілген йод плацента арқылы өтіп, емшек сүтімен бөлінеді. Қалқанша безінің функциясы бұзылуы, оның ішінде аналары йод терапиясын алған балалардағы туа біткен гипотиреоз туралы хабарланды.
Жүкті және бала емізетін әйелдерде, ана үшін потенциалды пайдасы шарана немесе жаңа туған нәресте үшін потенциалды қауіптен асып түсетін немесе емдеудің неғұрлым қауіпсіз балама әдістерінің болмай қалған жағдайларын қоспағанда, қолданудан аулақ болу керек.

Емізу

Бала емізу кезеңінде, егер ана үшін күтілетін пайдасы бала үшін потенциалды қауіптен асып кетсе, препаратты қолдануға болады. Препаратты бала емізу кезеңінде қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар;
- ұзақ қолдану йодизм құбылыстарын туғызуы мүмкін (ринит, есекжем, Квинке ісінуі, жастың ағуы, сілекейдің ағуы, безеулі бөртпе).

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Жергілікті. Ауыз қуысының, жұтқыншақтың, аңқаның шырышты қабығын майлау үшін күніне 4-6 рет қолданады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және оның ауырлығына байланысты. Зақымданған аумақты препаратпен суланған таяқша-тампонмен майлайды. Егер қабыну симптомдары 2-3 күн емдеуден кейін азаймаса немесе күшейсе, дәрігермен кеңесу керек. Ұзақ қолдану үшін (2 аптадан артық) ұсынылмайды.

Балаларда қолданылуы

Балаларға 6 жастан бастап қолданылады.