D06A09 Мупироцин (Mupirocin)

Қолдану көрсеткіштері

Терінің екінші қайтара жұқпа жұқтырған жарақатты зақымдануын жергілікті емдеу: шағын жаралар; тігілген жаралар; сыдырулар.

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе препаратты құрамына кіретін кез-келген қоспаларға жоғары сезімталдық; интраназальді және интраокулярлық пайдалану

Қауіпсіздік шаралары

 • Сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған немесе ауыр жергілікті тітіркену болады. • Препаратты ұзақ қолдану сезімтал емес флораның өсуіне әкелуі мүмкін.  • Препаратты сыртқа пайдаланған кезде колиттің пайда болу ықтималдығы тіптен мардымсыз болса да, ұзақ немесе ұзаққа созылған диарея және іштің аумағында түйілу пайда болған жағдайда препаратпен емдеу дереу тоқтатылуы және пациент әрі қарай тексерілуге жіберілуі тиіс.  • Көзге түсуіне жол бермеген жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен - бір уақытта жағуға болмайды.   

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Жүктілік

Қолдану бойынша деректер жоқ, сондықтан препараттың зор пайдасы мүмкін болатын қауіптен жоғары болғанда ғана қолданады.

Емізу

Препараттың емшек сүтіне енуі бойынша деректер жоқ. Егер препарат емшек ұшының жарылуын емдеу үшін қолданылса, емшек емізер алдында емшекті кремнің қалдығын қалдырмау үшін жуу керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: терінің аса жоғары сезімталдық реакцияларыӨте сирек: жүйелік аллергиялық реакциялар (жайылған бөртпе, есекжем, тамырдың ісінуі).

Балаларда қолданылуы

Сыртқа, жергілікті, препараттың аздаған мөлшерін терінің зақымданған аумағына жұқа қабаттап таза мақта немесе дәкенің көмегімен жағады. Өңделген аумаққа таңғышты қоюға болады. Жүргізілетін терапияға клиникалық жауабына байланысты күніне үш рет 10 күнге дейін.