D06AA04 Тетрациклин (Tetracycline)
Қолдану көрсеткіштері
-
жұмсақ тіндердің іріңді инфекциялары - фурункулез - инфекция жұққан экзема - бөртпе, безеулі бөртпе - фолликулит |
-
Клинические протоколы:
- Пороки развития диафрагмы у новорожденных
- Ожоги у детей
- Отморожение у детей
- Импетиго
Қарсы көрсеткіштері
- әсер
етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары
сезімталдық - тері туберкулезі - тері ісігі - микоз - вирустық тері аурулары (герпес, желшешек) - 11 жасқа дейінгі балалар |
Қауіпсіздік шаралары
Терең
немесе кесілген жарақаттарда, ауыр түрдегі күйіктерде, офтальмологияда (1 %
көз жақпамайын пайдаланады) қолдану ұсынылмайды. Сыртқа қолдануға арналған бактерияларға қарсы дәрілерді пайдалану жоғары сезімталдық реакциялар дамуымен қатар жүретін организмнің сенсибилизациясына әкелуі мүмкін екендігін ескерген жөн. Егер 2 апта аралығында жағдайы жақсармаса, дәрігерден кеңес алу керек. Талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер 11 жасқа дейінгі балаларға жүргізілген жоқ; осы санаттағы пациенттер үшін дозасы анықталған жоқ. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Препаратты құрамында металл (алюминий, кальций, магний, висмут, марганец, мырыш, темір) иондары бар сыртқа қолданылатын дәрілермен бірге қолдану ұсынылмайды. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Деректер жоқ |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы бұзылған жағдайда сақтықпен қолданыңыз. |
Жүктілік
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы шарана мен бала үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады. |
Емізу
Аздаған мөлшерде тетрациклиннің жалпы қан ағымына және плацента арқылы шаранаға өтуі мүмкін. Жақпамайдың белсенді заты – тетрациклин емшек сүтімен бөлінуі мүмкін. |
Жағымсыз әсерлері
Аллергиялық
реакциялар: - дызылдау - тері гипермиясы - ісіну - тітіркенудің басқа да белгілері - фотосенсибилизация |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Жақпамайды терінің зақымданған жерлеріне тәулігіне 1-2 рет жағады (окклюзиялық таңғышты төсеуге болады). |
Балаларда қолданылуы
Препарат 11 жастан бастап балаларға қолдануға рұқсат етілген. Талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер 11 жасқа дейінгі балаларға жүргізілген жоқ; осы санаттағы пациенттер үшін дозасы анықталған жоқ. |