D02AB Мырыш препараттары (Zinc products)
Қолдану көрсеткіштері
Дәлелділігі төмен препараттар.Дерматит, суланғыш экзема, трофикалық ойық жара, баздану. |
-
Клинические протоколы:
- Белково-энергетическая недостаточность у детей
- Болезнь Вильсона-Коновалова у детей
- Алопеция
- Паллиативная помощь и сестринский уход за больными с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии с наличием стом, с назогастральным зондом и мочевым катетером
- Болезнь Дюринга. Дерматит герпетиформный
- Импетиго
- Контактный аллергический дерматит
- Пузырчатка
- Токсикодермия
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися поражениями кожи
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа жоғары сезімталдық, тері мен айналасындағы тіндердің жедел іріңді үдерістері. |
Қауіпсіздік шаралары
Тек
сыртқа қолдануға арналған. Жақпамайдың көзге түсуіне жол бермеу керек. Егер бөртпе 48-72 сағат ішінде жоғалмаса, дәрігерге бару керек. Зақымдалған тері бөліктерінде инфекция болған кезде жақпамайды жақпаңыз. Зентавекс препаратын қолдану еселігі ұлғайған кезде, окклюзиялық таңғышқа жақпамай жаққанда немесе терінің сезімтал немесе күйген бөліктеріне немесе шырышты қабыққа қалың қабаттап жаққанда, жаңа туған нәрестелер мен кішкентай балалардың терісіне жаққанда (беткейлік аумағын/салмақтық коэффициентін есепке алмағанда) кезінде бөксе қатпарлары ауқымды базданғанда терінің үлкен бөліктерін жергілікті емдеу кезінде жүйелі жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін. Жақпамайдың құрамында бутилгидроксианизол (Е320) және бутилгидрокситолуол (E321) бар, олар жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) немесе көздің және шырышты қабықтардың тітіркенуін тудыруы мүмкін және парабендер (метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат) бар, олар аллергиялық реакциялар (кідірумен дамуы мүмкін), бронх түйілуін тудыруы мүмкін. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған. Антиоксидантты қасиеті бар антисептиктерді бір мезгілде пайдалануға болмайды. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ақпарат жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Ақпарат жоқ. |
Жүктілік
Препарат құрамында А дәрумені бар, сондықтан оны жүктілік кезінде сақтықпен қолдану керек. Жүкті және бала емізетін әйелдерге емді әйел үшін күтілетін пайдасын және шарана/бала үшін ықтималды қаупін ескере отырып, дәрігер тағайындайды. |
Емізу
Препарат құрамында А дәрумені бар, сондықтан оны жүктілік кезінде сақтықпен қолдану керек. Жүкті және бала емізетін әйелдерге емді әйел үшін күтілетін пайдасын және шарана/бала үшін ықтималды қаупін ескере отырып, дәрігер тағайындайды. |
Жағымсыз әсерлері
жанаспалы
дерматит көз бен шырышты қабықтардың тітіркенуі аллергиялық реакциялар (баяу типті болуы мүмкін), бронх түйілуі. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Терінің зақымдалған аймақтарына жұқа қабатпен жағыңыз, жаққаннан кейін сәл ысқылаңыз. Беткейлік жараларды жақпамай жаққаннан кейін бинтпен немесе дәкемен таңуға болады. Күні бойы бұл емшараны 2-3 рет қайталауға болады. Күнделікті таңғышты міндетті түрде ауыстыру қажет. Тек беткейлік және инфекция жұқпаған теріге қолдануға болады. Емдеу ұзақтығын дәрігер жергілікті симптомдардың сипаты мен айқындылығына және қол жеткізілген әсерге байланысты анықтайды. |
Балаларда қолданылуы
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.