D01AE16 Аморолфин (Aamorolfine)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі тырнақтың саңырауқұлақ зақымдануын емдеу және алдын-алу дерматофиттер, ашытқы және көгеруден туындаған онихомикоз (тырнақтың саңырауқұлақ зақымдануы). |
-
Клинические протоколы:
- Дерматофитии
Қарсы көрсеткіштері
Қолдануға
болмайтын жағдайлар белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық 18 жасқа дейінгі балалар |
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты
тырнақтың айналасындағы теріге қолданбау керек. Лактың көзге, құлаққа және шырышты қабықтарға түсуінен аулақ болу керек. Емдеу кезінде косметикалық лакты, жасанды тырнақтарды қолданудан аулақ болу керек. Тырнаққа арналған косметикалық лакты препаратты тырнаққа қолданғаннан кейін кем дегенде 10 минуттан соң қолдануға болады. Органикалық еріткіштерді пайдаланған кезде препараттың лагымен жабылған тырнақтарды қорғау үшін өткізбейтін қолғаптар кию керек. Препаратты қолданғаннан кейін жүйелі немесе жергілікті аллергиялық реакцияның пайда болу ықтималдығы бар. Бұл жағдайда препаратты қолдануды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Лакты тырнақтағы лакты кетіретін құралды қолдану арқылы абайлап алып тастайды. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесуге зерттеулер жүргізілген жоқ. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
деректер жоқ |
Бауыр жеткіліксіздігі
деректер жоқ |
Жүктілік
Жүктілік және/немесе бала емізу кезінде аморолфинді қолдану тәжірибесі шектеулі. Тіркеуден кейінгі кезеңде жүкті әйелдерде аморолфинді жергілікті қолданудың бірнеше жағдайы ғана тіркелген, сондықтан потенциалды қаупі белгісіз. |
Емізу
Аморолфинді жүктілік және/немесе емшек емізу кезінде, анық қажеттілік болмаған кезде қолдануға болмайды. |
Жағымсыз әсерлері
Иммундық
жүйе тарапынан бұзылулар Жиі емес (>1/1, 000 <1/100 дейін) - аса жоғары сезімталдық (аллергиялық реакциялар) Тері және тері асты шелінің тарапынан бұзылулар Сирек (>1/10 000 <1/1, 000 дейін) - тырнақтың зақымдануы, түсінің өзгеруі, тырнақ пластиналары сынғыштығының және осалдығының жоғарылауы (онихорексис, онихоклазия) Өте сирек (<1/10, 000) - терінің күйдіріп-ашыту сезімі Жиілігі белгісіз - эритема, қышыну, жанаспалы дерматит, есекжем, күлдіреуіктің түзілуі |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Дозалану
режимі Сыртқа қолдануға арналған. Қол саусақтары немесе аяқ башпайларының зақымданған тырнақтарына аптасына 1 рет жағады. |
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы. |