D01AC01 Клотримазол (Clotrimazole)

Қолдану көрсеткіштері

Дерматофиттер, зеңді және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар және клотримазолға сезімтал басқа қоздырғыштар туындатқан терінің зеңді зақымданулары, кебек тәрізді теміреткі, эритразма, салдарлы пиодермиямен асқынған микоздар.
    Клинические протоколы:
  1. Кандидоз полости рта
  2. Дерматофитии
  3. Контактный аллергический дерматит

Қарсы көрсеткіштері

Клотримазолға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Көздің шырышты қабығынына кремнің түсуін болдырмау керек. 4 апта бойы клиникалық жақсару болмаған жағдайда диагнозды растау үшін және аурудың басқа себебін жою үшін микробиологиялық зерттеу жүргізу қажет. Жоғары сезімталдық немесе тітіркену реакциялары пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және басқа ем таңдау қажет. Препаратты қолдану автокөлікті жүргізу және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Нистатин - клотримазол белсенділігі төмендеуі мүмкін.Полиендік антибиотиктер (амфотерицин В, нистатин) - клотримазолдың зеңге қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.Дексаметазон - клотримазолдың зеңге қарсы әсерін тежейді.Клотримазолдың антимикотикалық әсерін п-оксибензой қышқылының пропил эфирінің жергілікті жоғары концентрациялары күшейтеді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда бауырдың функционалдық жағдайын жүйелі бақылау керек.

Жүктілік

Жүктіліктің I триместрінде сақтықпен қолдану.

Емізу

Сақтықпен қолдану.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: препаратты жаққан жерде терінің қызаруы, күйдіруі, шаншу және тітіркену сезімі, эритема, есекжем, қышыну, күлдіреуіктер, ісіну, тері қабыршақтануы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларға тек педиатрмен кеңескеннен кейін, қатаң көрсетілім бойынша тағайындау керек.