D01AA01 Нистатин (Nystatin)

Қолдану көрсеткіштері

Ауыздың, өңештің немесе ішектің шырышты қабығына әсер ететін Candida albicans тудыратын зең инфекцияларының профилактикасы және емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Кандидоз полости рта

Қарсы көрсеткіштері

Нистатинге немесе кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық
Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.

Қауіпсіздік шаралары

Препарат құрамында сахароза бар.
Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сукраза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс. Қант диабеті бар пациенттерге қолданғанда сақ болу керек.
Прпепарат құрамында аллергиялық реакциялар (оның ішінде баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциялары) туғызуы мүмкін метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар.
Жүйелі микоздарды емдеу үшін қолдануға болмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Белгісіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Сыртқы қолдану кезінде нистатин ананың сүтімен бөлінбейді. Сүт безі мен ареола (емізік) аймағына жақпа жағуға жол берілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Нистатиннің асқазан-ішек жолынан сіңуі шамалы болғандықтан, артық дозалану немесе кездейсоқ қабылдау жүйелі уыттылықты тудырмайды. Нистатиннің тәулігіне 5 миллион бірліктен асатын пероральді дозалары жүрек айну мен асқазан-ішек жолдарының бұзылуын тудырды.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер:
Ересектердегі тіс протездеуімен байланысты стоматитті және C. albicans тудырған ауыз қуысының инфекцияларын емдеу үшін күніне 4 рет 1 мл суспензияны аузына тамызады; зақымданған аймақтармен мүмкіндігінше ұзақ байланыста болуы керек.
Балалар:
Жаңа туылған нәрестелер мен балалардағы ішектің және ауыз қуысының кандидозында (ауыз уылуы) күніне 4 рет 1 мл. Суспензияны біршама уақыт жұтпай, ауызда ұстап тұру керек.
Жаңа туылған нәрестелердегі кандидоздың профилактикасы үшін ұсынылатын доза күніне 1 рет 1 мл құрайды.
Егде жастағы науқастар:
Дозалауына немесе сақтық шараларына нақты ұсыныстар жоқ.
Емдеу курсы 7 күн. Зеңдік инфекцияның қайталануын болдырмау үшін емдеуді аурудың симптомдары жоғалғаннан кейін және өсірінді зерттеулерінің теріс нәтижелерін алғаннан кейін 48 сағат бойы жалғастыру керек. Егер белгілер мен симптомдар нашарласа немесе сақталса (емдеудің 14 күнінен кейін), пациентті қайта бағалау және баламалы емді қарастыру керек.

Балаларда қолданылуы

Жергілікті. Балаларға: зардап шеккен аймақтарға жұқа қабат күніне 1-2 рет, 7-10 күн ішінде. Педиатриялық практикада нистатиннің тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты 1 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.