C09CA09 Азилсартан медоксомил (Azilsartan medoxomil)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия.Клиникалық хаттама:   1. Артериялық гипертензия
    Клинические протоколы:
  1. Артериальная гипертензия

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; біріншілік гиперальдостеронизм; электролиттік баланстың бұзылуы; дегитратация; жүрек жеткіліксіздігі.

Қауіпсіздік шаралары

Дозалау режимін өзгерткен кезде, терапия басталғаннан бастап антигипертензиялық әсері 2 апта ішінде, ал максималды әсері 4 аптадан кейін байқалатынын естен шығармау керек.Келесі пациенттерде сақтықпен және АҚ бақылауымен қолданылуы тиіс: - егда жастағы – дозасын түзету кезінде; - тамырішілік көлем тапшылығымен;- іркілістік жүрек жеткіліксіздігімен; - аорталды және митралды қақпақшалардың стенозымен, обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатиямен; - бүйрек артериясының стенозы; - белсендірілген ренин- ангиотензин- альдостерон жүйесімен  (РААЖ) немесе оның қосарлы блокадасымен;Жанама әсерлердің даму мүмкіндігіне байланысты  көлік құралдарын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Литий - қан сарысуында литий концентрациясының жоғарылауы.ЦОГ-2 таңдамалы ингибиторлары, тәулігіне 3 г көп мөлшердегі аспирин және таңдамалы емес СЕҚҚП қоса, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) - антигипертензиялық әсердің төмендеуі, бүйрек қызметінің нашарлау қаупі, қан сарысуында калий концентрациясының жоғарылауы.Калий сақтағыш несеп айдайтын заттар, калий препараттары, калий концентрациясын жоғарылататын калий және басқа да заттардан тұратын тұз алмастырғыш заттар-  қан сарысуында калий концентрациясының жоғарылауы. .

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл және салыстырмалы бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет емес. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек трансплантациясынан кейін қарсы көрсетілген. 

Бауыр жеткіліксіздігі

Салыстырмалы бауыр жеткіліксіздігінде дәрігердің бақылауы керек. Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас айналу, диарея, қандағы креатинин, креатинфосфокиназа жоғарылауы.Жиі емес: артериалдық гипотензия, жүрек айну, бөртпе, қышыну, бұлшықеттік спазмдар, шаршау сезімі, перифериялық ісінулер, гиперурикемия.Сирек: ангионевротикалық ісіну.Жағымсыз әсерлер қаупін бағалауда препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығында берілген жанама әсерлерінің толық сипаттамасына жүгіну керек.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.