B06AA03 Гиалуронидаза (Hyaluronidase)
Қолдану көрсеткіштері
Буындар контрактурасында, Дюпюитрен контрактурасында, шығу тегі әр түрлі терінің тыртықтанып өзгеруі, жүйке өрімдері мен шеткері жүйкелердің жарақатты зақымданулары.Клиникалық хаттама: 1. Балаларда болатын термиялық және химиялық күйіктің және үсіктің салдары
-
Клинические протоколы:
- Последствие термических и химических ожогов и отморожений у детей
Қарсы көрсеткіштері
Гиалуронидазаға жоғары сезімталдық, қатерлі жаңа түзілімдер, жедел инфекциялық-қабыну аурулары, өкпелік қан кету және қан түкіру, өкпе туберкулезі.
Қауіпсіздік шаралары
Алдында катиондардан тұратын ерітінділер енгізілген катетер арқылы ерітіндіні енгізуге болмайды. Инфекциялық қабыну және ісік аумағына енгізуге болмайды. Препаратты қан құйылу енді ғана болған кезде қолданбайды. Көлік жүргізуден немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Эстрагендер- бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН! Жергілікті анестетиктер, миорелаксанттар және басқа да дәрілік заттар- сіңірілуінің жеделдеуі және олардың әсерлерінің күшеюі. Прокаин- бірге САҚТЫҚПЕН қолдану керек, асқын сезімталдық реакциясының даму қаупі.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген. Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
Аллергиялық реакциялар, жергілікті тітіркендіргіш әсер.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.