B05XA16 Кустодиол (Cardioplegia solutions)
Қолдану көрсеткіштері
Дәлелділік деңгейі төмен препарат.Кардиохирургиялық операцияға байланысты кардиоплегия, ишемия (жүрек, бүйрек, бауыр) жағдайындағы операциялар кезінде ағзаларды қорғау, веналық немесе артериялық сегменттермен бірге оларды транспланттау кезінде ағзаларды қорғау (жүрек, бүйрек, бауыр, өкпе, ұйқы безі). Мультиағзалық қорғау. |
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. |
Қауіпсіздік шаралары
Бүлінбеген
контейнерлерден тек түссіз немесе бозғылт сары ерітінділерді қолдану
керек. Триптофан метаболиттерімен боялған ерітінділер пайдаланылмауы тиіс. Вена ішіне немесе артерия ішіне енгізу үшін қолданылмайды. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
КУСТОДИОЛДЫ басқа препараттармен араластыруға болмайды. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Белгісіз. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Белгісіз. |
Жүктілік
Белгісіз. |
Емізу
Белгісіз. |
Жағымсыз әсерлері
Белгісіз. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Жүрекішілік.
Перфузия үшін. Кейбір жеке клиникаларда донорлық ағзаларды тасымалдау кезінде сақтау туралы ұсыныстарда айырмашылықтар болса да, "үш стерильді пакет" әдісі кең таралған. Органның мөлшеріне байланысты алдын-ала таңдалған алғашқы стерильді пакетте суық КУСТОДИОЛ ағзаның толық батырылуын қамтамасыз ететін көлемде алдын-ала құйылады және бұл пакет мұз контейнеріне орналастырылады. Бос пакеттердің шеттерін жабысқақ лентамен желімдейді және донорлық ағза бар бірінші пакетті суық КУСТОДИОЛ препараты бар екінші стерильді пакетке салады. Екі пакеттен тұратын жиынтық қақпағы сенімді жабық стерильді контейнерге орналастырылады, барлығы бірге мұз үгіндісімен толтырылған қорапқа салынады. Донорға және донорлық ағзаға қатысты ақпаратты, зертханалық талдаулардың нәтижелерін және донор қанының сынамаларын қоса береді. Донорлық ағзаны КУСТОДИОЛДЫҢ перфузиялық ерітіндісінде тасымалдау барынша жылдам болуы тиіс. |
Балаларда қолданылуы
Белгісіз. |