B05BA01 Парентеральді қоректендіруге арналған аминқышқылдарының кешені (Amino acids)
Қолдану көрсеткіштері
Жаңадан туылған нәрестелерді (шала туылған және мерзімі жетіп туылған нәрестелер, балалар), кішкене балаларды ішінара парентеральді қоректендіру үшін. Пероральді немесе энтеральді қоректену мүмкін болмаған жағдайда бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде парентеральді қоректену режимінің компоненті ретінде ағзаны амин қышқылдарымен қамтамасыз ету (препаратты диализде жүрген пациенттерді қоса, оның ішінде диализ кезінде де жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге пайдалануға болады), бауыр энцефалопатиясының алдын алу немесе емдеу, бауыр энцефалопатиясы дамыған немесе даму қаупі бар бауыр аурулары кезінде ішінара немесе толық парентеральді қоректендіру, бауырдың жедел және созылмалы ауруы кезінде туындайтын аминқышқылы тепе-теңдігінің бұзылуы.
-
Клинические протоколы:
- Ботулизм
- Ботулизм у детей
- Конго-Крымская геморрагическая лихорадка
- Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
- Апластическая анемия у детей
- Тупая травма живота, открытые повреждения живота
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Белково-энергетическая недостаточность у детей
- Болезнь Помпе
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая болезнь почек у детей
- Эмпиема плевры у взрослых
- Ахалазия кардии
- Ахалазия пищевода у детей
- Гастродуоденальный стеноз
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
- Кисты поджелудочной железы у детей
- Мегаколон, долихоколон
- Механическая желтуха
- Неспецифический язвенный колит. Болезнь Крона у детей
- Острая кишечная непроходимость
- Острая мезентериальная ишемия
- Абдоминальная травма
- Острый панкреатит
- Перитонит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Целиакия у детей
- Токсикоз у беременных
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Бактериальный сепсис новорожденного
- Некротический энтероколит у новорожденного
- Парентеральное питание новорожденных
- Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
- Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
- Язвенно-некротический энтероколит (педиатрия)
- Атрезия желчевыводящих путей у детей
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Врожденная кистозная трансформация общего желчного протока у детей
- Врожденная низкая кишечная непроходимость
- Врожденные пороки развития легких у новорожденных
- Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
- Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
- Пороки развития диафрагмы у новорожденных
- Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
- Болезни печени, связанные с беременностью
- Недостаточный рост плода (внутриутробная задержка развития плода)
- Рак мочевого пузыря
- Гепатоцеллюлярная карцинома
- Рак шейки матки
- Церебральный венозный тромбоз
- Злокачественные опухоли гортаноглотки
- Злокачественные новообразования слюнных желез
- Рак вульвы
- Злокачественные новообразования гортани
- Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
- Злокачественные новообразования ротоглотки
- Злокачественные новообразования носоглотки
- Злокачественные новообразования полости рта
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді заттарға немесе кез келген қосымша заттарға асқын сезімталдық, амин қышқылдары алмасуының бұзылуы, метаболизмдік ацидоз, гипергидратация, гипокалиемия, өмірге қауіп төндіретін күрделі қанайналым бұзылыстары (коллапс және шок жағдайы), гипоксия, өкпенің жедел ісінуі, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, гиперхлоремиялық ацидоз, анамнезінде аллергиялық реакциялар, калий жинақтаушы диуретиктерді, оның ішінде спиронолактонды қолдану.
Қауіпсіздік шаралары
Гипонатриемия немесе жоғары сарысулық осмолярлық кезінде сақтықпен қолдану керек. Амин қышқылдарының кез келген ерітінділерін енгізу фолаттардың жедел тапшылығына алып келуі мүмкін, сондықтан науқастарға күнделікті фолий қышқылын енгізу керек. Жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарға сұйықтықтың көп мөлшерімен инфузия кезінде сақ болу қажет. Бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігі, бауыр, бүйрек, жүрек және өкпе жеткіліксіздігі кезінде дозасын жекелей анықтау қажет. Қандағы глюкоза деңгейін, сарысулық ақуыз, креатинин мен бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерін бақылап отыру керек. Әдетте дәрілік зат мына препараттармен – қуат көздерімен (көмірсу ерітінділерімен, май эмульсияларымен), электролиттермен, дәрумендер және микроэлементтермен бірге, егер қажет болса, орталық көктамыр арқылы (ұзақ 24 сағат бойы) емдік қажеттілікке сәйкес енгізіледі. Интрадиализдік қоректену үшін диализге арналған аппарат тамшылатқышына препаратты енгізуге болады, оны көктамырлық катетерге енгізудің қажеті жоқ.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз. Препараттың басқа топтарымен үйлесімсіздік қаупіне байланысты қолдану ұсынылмайды. Парентеральді қоректенуге арналған препараттармен ғана, оның ішінде май эмульсияларымен, глюкоза және электролиттер ерітінділерімен қолдану керек.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Сирек: эозинофилдер деңгейінің жоғарылауы, бұлшықеттің ауыруы, склеродермия, аяқ-қолдың ісінуі, тыныс алудың қиындауы, аллергиялық реакциялар.Өте сирек: бас ауыруы, ыстықты сезіну, ерітіндіні енгізу орнындағы флебит.Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.