B03AD02 Темір фумараты және Фолий қышқылы (Ferrous fumarate)

Қолдану көрсеткіштері

Жүктілік кезеңіндегі фолий қышқылы және темір тапшылықты жағдайды емдеу және алдын алу.Клиникалық хаттама:   1. Теміртапшылықты анемия
    Клинические протоколы:
  1. Железодефицитная анемия

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; гемосидероз, гемохроматоз, созылмалы гемолиз; темір утилизациясының бұзылыстары; темірдің немесе фолий қышқылының жеткіліксіздігімен байланысты емес анемиялар; АІЖ тарапынан бұзылыстар; сирек тұқым қуалайтын аурулар, соның ішінде галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Қауіпсіздік шаралары

Емдеуді бастамас бұрын сарысулық темір, қан сарысуындағы ферритин деңгейіне зерттеу жүргізу қажет. Көп мөлшерде шай, кофе, қызыл шарап, сүт өнімдерін, нан, шикі астық тұқымдастар мен жұмыртқаларды бір мезгілде тұтыну ұсынылмайды, себебі бұл өнімдер темірдің сіңірілуін азайтады. Ауыз қуысының ойық жаралану және тіс түсінің өзгеру қаупі салдарынан таблеткаларды сору, тістеу немесе ауыз қуысында ұстап тұру ұсынылмайды. Препаратты қабылдағанда нәжістің түсі қараюы мүмкін, жалған оң бензидинді сынама.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Антацидтер, кальций және магний препараттары, колестирамин, колестипол, фентоин, кальций бромиді - темір сіңірілуінің нашарлауы.Аскорбин қышқылы - темір сіңірілуінің артуы.Антибиотиктер (тетрациклиндер тобы) - препараттар сіңірілуінің бұзылуы.Колестирамин, фенитоин, фенобарбитал, карбамазепин, сульфасалазин, гормональді контрацептивтер, фолий қышқылының антагонистері, триметоприм, триамтерен - темір сіңірілуінің төмендеуі.Фторурацил, фторпиримидин - олардың уыттылығының артуы.                                     

Жүктілік

Көрсетілімдер бойынша қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қолданбау!

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек: аллергиялық реакциялар, эритропоэздік порфирия, пароксизмальді гемоглобинурия, гемохроматоз.Жиілігі белгісіз: асқазандағы толу сезімі және жағымсыздықты сезіну, жүрек айнуы, құсу, диарея, гастралгия, іштің қатуы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.