A03AX13 Симетикон (Silicones)
Қолдану көрсеткіштері
Асқазан-ішек жолында газдың шамадан тыс жиналу жағдайы.
-
Клинические протоколы:
- Гемолитическая анемия у детей
- Другие неинфекционные гастроэнтериты и колиты (педиатрия)
- Мегаколон, долихоколон
- Синдром раздраженного кишечника у детей
- Целиакия у детей
- Крипторхизм у детей
- Врожденные аномалии полового члена у детей
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Препарат құрамында аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін парагидроксибензоат және пропилгидроксибензоат бар (баяулаған типті реакциялар болуы мүмкін).
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдану.
Емізу
Қолданудың қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
28 күннен 2 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 4 рет 8 тамшыдан. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 4 рет 14 тамшыдан. 6 жас және одан асқан балалар: тәулігіне 4 рет 16 тамшыдан. Жаңадан туылған сәбилерге (28 күнге дейінгі) тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.