B02BC30 Құрамында фибриногені және тромбині бар гемостатикалық губка¹ (Local hemostatics combinations)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектерде гемостазды жақсарту мақсатында хирургиялық араласулар кезіндегі қосымша қолдануға арналған. Нейрохирургиялық операциялардан кейін операциядан кейінгі жұлын-ми ағып кетуін болдырмау мақсатында қатты ми қабығын герметизациялауда.
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық, тамырішілік пайдалану.
Қауіпсіздік шаралары
Қантамыр ішіне абайсызда түскен жағдайда өмірге қауіп төндіретін тромбоэмболиялық асқынулар пайда болуы мүмкін. Кез келген ақуыз препараты сияқты, аса жоғары сезімталдық реакциялары туындауы мүмкін. Жағымсыз жерлерде жабыспалар түзілуінің алдын алу үшін, қолданар алдында жағатын жерден тыс аумақтағы тіндер жеткілікті түрде тазартылғанына көз жеткізіңіз. Адамның қаны мен плазмасынан жасалған препараттарды тағайындаған кезде инфекциялық агенттердің берілу ықтималдығы бар
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда сәби үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Сирек: ангиоісіну, сіңіргіш қойылған жердің күйдіріп ашуы және шаншуы, бронх түйілуі, қалтырау, құйылулар, жайылған есекжем, бас ауыруы, бөртпе, гипотензия, летаргия, жүрек айнуы, мазасыздық, тахикардия, кеуденің қысылуын сезіну, құлақтың шуылдауы, құсу, ысқырықты сырыл.Өте сирек: анафилактикалық реакциялар.
Балаларда қолданылуы
Қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректердің жеткіліксіздігіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.