B02BA02 Менадион натрий бисульфиті (Menadione)

Қолдану көрсеткіштері

Қанау және сарғаюға негізделген гипопротромбинемия аясында, жедел гепатиттерде, қылтамырлар және паренхиматозды қан кетулер кезінде; хирургиялық араласулар мен жараланудан кейін; асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы кезіндегі қан кетуде; жедел сәуле ауруының айқын симптомдары; ұзаққа созылған мұрын және геморроидальді қан кету; шала туылған балалардағы геморрагиялық құбылыстар; жатырдан климакс алдында және ювенильді қан кету; өздігінен қанағыштықта; операцияға дайындық, егер операциядан кейінгі кезеңде қан кету қаупі болса, сепсистік аурулар аясындағы геморрагиялық құбылыстар кезінде; қан кетуде және фенилин, неодикумарин, басқа да антикоагулянттар - К дәрумені антагонистерінің артық дозалануына негізделген гипопротромбинемия.
    Клинические протоколы:
  1. Брюшной тиф и паратифы у детей
  2. Конго-Крымская геморрагическая лихорадка
  3. Лептоспироз
  4. Сибирская язва
  5. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кровотечением
  6. Кровотечение из варикозно-расширенных вен пищевода при синдроме портальной гипертензии
  7. Мегаколон, долихоколон
  8. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  9. Хронический панкреатит у взрослых
  10. Цирроз печени у взрослых
  11. Абдоминальная травма

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; гиперкоагуляция, тромбоэмболия; жаңадан туылған нәрестелердегі гемолитикалық ауру; глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты қолдану кезінде тромбоциттер агрегациясының тежелуі орын алуы мүмкін екендігін ескеру қажет. Гемофилияда, тромбоцитопениялық пурпурада және Верльгоф ауруында препарат тиімсіз.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар - антикоагулянттық әсердің төмендеуі.Тікелей емес антикоагулянттар (соның ішінде кумарин және индандион туындылары) - бұл препараттардың әсерін әлсіретеді; гепариннің антикоагулянттық белсенділігіне ықпалын тигізбейді.Әсер ету ауқымы кең антибиотиктер, хинидин, хинин, жоғары дозалардағы салицилаттар, сульфаниламидтер - К дәруменінің дозасын арттыруды қажет етеді.Гемолитикалық дәрілік заттар - жағымсыз әсерлер қаупі.Фибринолиздің агреганттары және тежегіштері - гемостатикалық әсері күшейеді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бауыр жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Емдеу кезеңінде тағайындау қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

Бет гиперемиясы, тері бөртпесі (соның ішінде эритематозды түрі, есекжем), терінің қышуы, бронх түйілуі; гемолитикалық анемия, туа біткен глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар жаңадан туылған балаларда немесе Е дәрумені жеткіліксіз пациенттердегі гемолиз, тромбоэмболия; артериялық қысымның транзиторлы төмендеуі, тахикардия, тамырдың соғу ырғағының әлсіз білінуі; енгізілген жердегі реакциялар: енгізілген жердің ауыруы мен ісінуі, белгілі бір жерге инъекцияны қайталағанда тері түсінің дақ түрінде өзгеруі, жергілікті склеродермияны туындатуы мүмкін.Басқалары: гипербилирубинемия, сарғаю (соның ішінде емшектегі балалардағы ядролық сарғаю), бас айналу, жоғары тершеңдік, тахикардия, дәм сезудің өзгеруі, ысыну сезімі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларға. Бұлшықет ішіне. 1 жасқа дейін - тәулігіне 2-5 мг, 1-2 жас - тәулігіне 6 мг, 3-4 жас - тәулігіне 8 мг, 5-9 жас - тәулігіне 10 мг, 10-18 жас - тәулігіне 15 мг. Дозаны 2 енгізуге бөледі. Емдеу ұзақтығын дәрігер белгілейді. 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.