A03AD02 Дротаверин (Drotaverine)

Қолдану көрсеткіштері

Холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит сияқты билиарлық жол ауруларымен байланысты тегіс бұлшықет түйілуінде; несеп жолы аурулары кезіндегі тегіс бұлшықеттердің түйілуінде: нефролитиаз, уретролитиаз, пиелит, цистит, қуық тенезмдері. Қосымша емдеу ретінде (дәрі-дәрмекті таблетка түрінде қолдану мүмкін болмаған кезде): асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасында, гастритте, кардио және /немесе пилоротүйілуінде, энтерит, колит; гинекологиялық ауруларда (дисменореяда)

    Клинические протоколы:
  1. Хронический холецистит

Қарсы көрсеткіштері

Дротаверинге немесе дәрілік заттың басқа компоненттеріне (әсіресе натрий метабисульфитіне) жоғары сезімталдық; натрий дисульфитіне жоғары сезімталдық; бауырдың, бүйректің немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүрек шығарымы төмендеу синдромында); 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты вена ішіне енгізген кезде коллапс туындау қаупіне байланысты пациент көлденең жатқан күйде болуы тиіс.

Препаратты артериялық гипотензия кезінде сақтықпен қолдану керек.

Препаратты жүкті әйелдерге парентеральді енгізгенде сақ болу керек.

Препарат құрамына метабисульфиті кіреді, ол сезімтал адамдарда, әсіресе анамнезінде бронх демікпесі немесе аллергиялық реакциялары бар адамдарда анафилаксиялық симптомдар және бронх түйілуін қоса, аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

Натрий метабисульфитіне сезімталдығы жоғары дәрілік затты парентеральді енгізуден аулақ болу керек

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік затты леводопамен бір мезгілде қолданғанда соңғысының паркинсонға қарсы әсерінің төмендеуі мүмкін. Бұл біріктірілімді сақтықпен қолдану керек, өйткені леводопаның паркинсонға қарсы әсері төмендейді, ал ригидтілік пен тремор күшейеді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функиясының ауыр бұзылыстарында қолдану қарсы көрсетілген

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функиясының ауыр бұзылыстарында қолдану қарсы көрсетілген

Жүктілік

Қолдануға тек ана үшін пайда ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен басым жағдайда ғана жол беріледі

Емізу

Емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды

Жағымсыз әсерлері

Артериялық гипотензия, жүрек соғуының жиілеуі, аритмия, атриовентрикулярлық блокада, бас ауыруы, бас айналу, ұйқысыздық, жүрек айнуы, құсу, іш қату, аса жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде есекжем, тері бөртпелері, дерматоз, қышыну, гиперемия, қызба, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі, әсіресе метабисульфитке сезімталдығы жоғары пациенттерде, енгізу орнындағы аса жоғары сезімталдық реакциялары, инъекция түрінде ем қабылдаған пациенттерде өлімге әкелетін және өлімге әкелмейтін анафилаксиялық шок тіркелді

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 40 мг/2мл;

Препаратты ересектерге40-240 мг тәуліктік дозада 1-3 рет қабылдауда бұлшықет ішіне қолдану керек.

Жедел колик кезінде препаратты ересектерге вена ішіне баяу 40-80 мг дозада қолдану керек