B01A04 Урокиназа¹ (Urokinase)
Қолдану көрсеткіштері
Тромбоздалған орталықтық көктамырішілік катетерлердің (соның ішінде гемодиализдік катетердің) өткізгіштігін қалпына келтіру, орталықтық көктамырішілік катетерлерді қолданған кездегі инфекциялық және тромбоздық асқынулардың алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Апластическая анемия у детей
- Венозные тромбозы и тромбофлебиты, посттромбофлебитический синдром
- Эмболия и тромбоз аорты и артерий
- Регионарный катетерный (селективный) тромболизис
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая болезнь почек у детей
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық; гипокоагуляция; ми қанайналымының жедел бұзылулары; жаңа өскіндер; аневризма; қан кету; урогениталды жолдың аурулары; белсенді формадағы өкпе туберкулезі, бронхэктаздық аурулар; қан тамырлары пункциясы; ішкі ағзалар биопсиясы; люмбалды пункция; жүрекке тікелей емес, ұзақ жасалатын массаж; бұлшықетішілік инъекциялар; ауыр бақыланбайтын артериалды гипертензия; ретинопатия немесе көздің басқадай зақымданулары; жедел панкреатит; перикардит; бактериалды эндокардит; сепсис.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Қауіпсіздік шаралары
Кейбір цереброваскулярлық бұзылыстарда; орташа артериялық гипертензияда; тромбоздарда; қан кетулер даму қаупінде; гемостаз бұзылыстарында; және егде жастағы науқастарда сақтықпен қолдану. Жоғары дозалар колдану кезінде гемостаз көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Антикоагулянттар, натрий эноксапарині, натрий гепарині – қан кетулер даму қаупінің жоғарылауы. Тромбоциттер түзілу функциясына әсер ететін препараттар - қан кетулер даму қаупінің жоғарылауы. Аминокапрон қышқылы, транексам қышқылы, апротинин - урокиназаның фибринолитикалық әсерінің төмендеуі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: қан кетудің клиникалық анықтауынсыз гематокрит төмендеуі, пункция жасаған жерден, жарадан қан кету, мұрыннан және қызыл иектен қан кету, трансаминаза деңгейінің транзиторлық жоғарылауы.Жиі: бассүйекішілік қан құйылу, эмболия, ішкі ағзалардан қан кету, қызба.Жиі емес: өмірге қауіп төндіретін әр түрлі этиологиядағы қан кетулер.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.