B01A07 Дипиридамол (Dipyridamole)

Қолдану көрсеткіштері

Жүрек клапандарын протездеу операциясынан кейінгі тромбоэмболияның алдын алу үшін пероральді антикоагулянтпен бір мезгілде қолданғанда.
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Геморрагический васкулит у детей
  4. Системные васкулиты
  5. Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
  6. Аневризма брюшной аорты
  7. Аневризма торакоабдоминального отдела аорты
  8. Атеросклероз брюшной аорты и артерий нижних конечностей
  9. Облитерирующий тромбоангиит (болезнь Винивартера - Бюргера)
  10. Реноваскулярная гипертензия
  11. Синдром Рейно
  12. Травма кровеносных сосудов
  13. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  14. Экстракраниальные заболевания брахиоцефальных артерий
  15. Эмболия и тромбоз аорты и артерий
  16. Болезнь Бехчета
  17. Болезнь Шегрена
  18. Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
  19. Идиопатические воспалительные миопатии
  20. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  21. Системная красная волчанка
  22. Системная склеродермия
  23. Слизисто-кожный лимфонодулярный синдром Кавасаки у детей
  24. Узелковый полиартериит у детей
  25. Ювенильный дерматомиозит
  26. Ювенильный системный склероз
  27. Размозжение и травматическая ампутация на уровне запястья и кисти
  28. Геморрагическая лихорадка с почечным синдромом

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық, жақын арада бастан кешкен миокард инфарктісі, тұрақсыз  стенокардия, кеңінен таралған коронарлы артериялардың тарылтатын атеросклерозы, субаортальді стеноз, жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, коллапс, жүрек ырғағының ауыр бұзылулары, геморрагиялық  диатездер, қан кетуге бейімділікпен аурулар.

Қауіпсіздік шаралары

Галактозаны көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның мальабсорбция синдромы бар пациенттерге ұсынылмайды. Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ксантин туындылары  (мысалы, кофеде және шайда болады)- дипиридамолдың қантамырларды кеңейтетін әсерін әлсіретеді.Антикоагулянттар, ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел- олардың  тромбозға қарсы әсерін күшейтеді.Гипотензивті препараттар- гипотензивті әсерінің күшеюі.Флударабин- флударабин сіңірілуінің бәсеңдеуі және оның тиімділігінің төмендеуі.Дигоксин- оның сіңірілуінің шамалы артуы.

Жүктілік

Жүктілік кезінде қолданбау, әсіресе бірінші триместрінде, пациент үшін күтілетін пайда ұрық үшін мүмкін болатын қауіптен жоғары болған жағдайларды қоспағанда.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: бас айналуы, бас ауыруы, бұлшықеттердегі ауырсынулар, құсу, іш өтуі, жүрек айнуы.Сирек: терілік реакциялар, есекжем.Өте сирек: миокард инфарктісі, стенокардия, жүректің ишемиялық ауруының асқынуы, хирургиялық араласым кезінде немесе одан кейін қан кетуге бейімділіктің жоғарылауы.Жиілігі белгісіз: әлсіздік, құлақтың бітелу сезімі, бастағы шуыл, тахикардия, брадикардия, бетке «қан құйылу», коронарлық жоғалту синдромы (тәулігіне 225 мг-нан жоғары дозаны қолданғанда), тромбоцитопения, тромбоциттердің функциональдік қасиеттерінің өзгеруі, эпигастриядағы ауырсынулар, артрит, ринит, өт қалтасы тастарының құрамында препараттың жиналуы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.