B01AB11 Сулодексид (Sulodexide)

Қолдану көрсеткіштері

Созылмалы веналық ойық жараларды емдеу

    Клинические протоколы:
  1. Тромбоэмболия легочной артерии
  2. Венозные тромбозы и тромбофлебиты, посттромбофлебитический синдром

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе кез келген компоненттеріне, сондай-ақ гепарин мен гепариноидтарға аса жоғары сезімталдық; Геморрагиялық диатез және қанның ұюының төмендеуімен қатар жүретін аурулар

Қауіпсіздік шаралары

Қанның коагуляция параметрлерін мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Сулодексид гепарин тәрізді молекула болып табылады, сондықтан бірге қолданған кезде гепарин мен пероральді антикоагулянттардың антикоагулянттық әсерін күшейте алады.

Жүктілік

Қолдануға тек ана үшін пайда ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен басым жағдайда ғана жол беріледі

Емізу

Емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды

Жағымсыз әсерлері

Вертиго, құрсақ қуысының жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну, диарея, тері бөртпесі, бас ауыруы, естен айрылу, асқазаннан қан кету, экзема, есекжем, шеткері ісіну. Белгісіз: анемия, қан плазмасы протеиндері метаболизмінің бұзылуы, эпигастралгия, жүрек айну, құсу, мелена, метеоризм, диспепсия, ангионевроздық ісіну, экхимоз, эритема, жыныс мүшелерінің ісінуі, жыныс мүшелерінің эритемасы, полименорея

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

1 ампуланың ішіндегісін күніне бір рет бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне 15-20 күн бойы енгізеді. Емдеудің толық курсын жылына кемінде 2 рет қайталау керек

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жоқ.