L01FX20 Тремелимумаб (Tremelimumab)
Қолдану көрсеткіштері
| .- препараты дурвалумабпен біріктірілімде кең таралған немесе операция жасалмаған гепатоцеллюлярлы карцинома (ГЦК) бар ересек пациенттерде бірінші желідегі емде қолдануға көрсетілген. - препараты дурвалумабпен және платина препараттары негізіндегі химиялық еммен біріктірілімде эпидермалық өсу факторы рецепторының (EGFR) генінде сенсибилизациялаушы мутациялар немесе анапластикалық лимфома киназасы (ALK) генінде аберрациялар болмағанда өкпенің ұсақ жасушалы емес метастаздық обыры (ӨҰЖО) бар ересек пациенттерде бірінші желідегі емде қолдануға көрсетілген. |
Қарсы көрсеткіштері
| .- белсенді затқа немесе қосымша
заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік және лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар |
Қауіпсіздік шаралары
| Препаратын дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану керек. Дәрігер ең ауыр асқынуларды болдырмайтын және пайда болған симптомдарды азайтуға көмектесетін басқа дәрілік препараттарды тағайындай алады. Дәрігер препаратының келесі дозасын қабылдауды кейінге қалдыруы немесе препаратымен емдеуді тоқтатуы мүмкін. Емдеуге дейін және ем кезіндегі келесі оқиғаларда өз емдеуші дәрігеріңізге мәлімдеңіз және кеңес алыңыз: - тремелимумаб немесе препараттың кез келген басқа ингредиентіне аллергиялық реакция болса; - егер аутоиммундық ауру тіркелсе, ағзаларды ауыстырып салу орын алса, өкпенің немесе тыныс алу кінәраттары, бауыр кінәраттары болса; - жаңа немесе күшейіп кеткен жөтел; ентігу; кеуденің ауыруы (өкпенің қабыну белгісі болуы мүмкін); - жүрек айну немесе құсу; қанығу сезімінің төмендеуі; іштің оң жақ бөлігінің ауыруы; терінің немесе көз ақуыздарының сарғайып кетуі; ұйқышылдық; күңгірт несеп, қан кету немесе әдеттегіден жиірек туындайтын көгерген дақтар (бауырдың қабыну белгісі болуы мүмкін); - диарея немесе әдеттегіден жиірек үлкен дәрет; қара, шайырлы немесе қан немесе шырыш аралас жабысқақ нәжіс; іштің қатты ауыруы немесе ауырсынуы (ішек қабынуы немесе ішек тесілуінің белгісі болуы мүмкін); - тамырдың жиілеп соғуы; қатты шаршау; салмақ қосу немесе жоғалту; бас айналу немесе естен тану; шаштың түсуі; суықты сезіну; іш қату; басылып болмайтын бас ауыру немесе әдеттен тыс бас ауыру (бездердің, әсіресе, қалқанша бездің, бүйрек үсті бездерінің, гипофиздің немесе ұйқы безінің қабыну белгілері болуы мүмкін); - қатты ашығу немесе әдеттегіден күштірек шөлдеу сезімі; әдеттегіден жиірек несеп шығарудың жиілеуі; қандағы жоғары қант мөлшері; жылдам және терең тыныс алу; сананың шатасуы; ауыздан тәтті иіс шығуы; ауыздың тәтті немесе темір татуы немесе дағдылы иісіне ұқсамайтын несептің немесе тердің иісі (диабет белгісі болуы мүмкін); - несеп мөлшерінің аз бөлінуі (бүйректің қабыну белгісі болуы мүмкін); - бөртпе; қышыну; терідегі, ауыз қуысындағы және басқа шырышты қабықтардағы күлбіреуіктер немесе ойық жаралар (терінің қабыну белгісі болуы мүмкін); - кеуденің ауыруы; ентігу; жүректің жүйесіз соғуы (жүрек бұлшықетінің қабыну белгісі болуы мүмкін); - бұлшықеттің ауыруы немесе қарысуы, немесе әлсіреуі, немесе бұлшықеттердің тез талып кетуі (бұлшықеттер қабынуының немесе басқа кінәраттарының белгілері болуы мүмкін); - қалтырау немесе діріл, қышыну немесе бөртпе, ыстық кернеу, ентігу немесе ысқырып дем алу, бас айналу немесе қызба (инфузиямен байланысты реакциялар белгілері болуы мүмкін); - құрысулар; мойынның қарысып қалуы; бас ауыру; қызба, қалтырау; құсу; көздің жарыққа сезімталдығы; сананың шатасуы және ұйқышылдық (бас миының немесе бас және жұлын миының айналасындағы қабықшалардың қабыну белгілері болуы мүмкін); - жұлын миының қабынуы (көлденең миелит): қолдың немесе аяқтың ауыруы, ұюы, шаншуы немесе әлсіреуі симптомдары болуы мүмкін; қуық немесе ішек проблемалары, соның ішінде несеп шығарудың жиілеуі, несеп шығарудың ұстамау, несеп шығарудың қиындауы және іш қату; - ауыру; қол басының, аяқтың немесе қолдың әлсіреуі және салданып қалуы (жүйке қабынуының, Гийен-Барре синдромының белгілері болуы мүмкін); - буынның ауыруы, домбығуы және/немесе қарысуы (буын қабынуының, иммунитетке байланысты артрит белгілері болуы мүмкін) - көздің қызаруы, көздің ауыруы, көздің жарыққа сезімталдығы және/немесе көру өзгерістері (көз қабынуының, увеиттің белгілері мен симптомдары болуы мүмкін) - қан кету (мұрыннан немесе қызыл иектен) және/немесе көгерген дақтар (тромбоциттердің төмен деңгейінің белгілері болуы мүмкін). |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Тремелимумабтың фармакодинамикалық белсенділігі мен тиімділігіне олардың ықтималды ықпал етуіне орай, жүйелі кортикостероидтардың физиологиялық дозасын (преднизолон немесе баламалы препарат < 10 мг/тәулік дозада) қоспағанда, тремелимумабпен емдеуді бастар алдында жүйелі кортикостероидтар немесе иммунодепрессанттарды пайдалану ұсынылмайды. Алайда тремелимумабпен емдеу басталған соң иммундық жүйемен байланысты жағымсыз реакцияларды емдеу үшін жүйелі кортикостероидтар немесе басқа иммунодепрессанттарды пайдалануға болады. Тремелимумабтың негізгі шығарылу жолдары ретикулоэндотелий жүйесіндегі ақуыз катаболизмі болып табылады немесе нысана арқылы таралуы, метаболизмдік өзара әрекеттесуі күтілмейді. Дурвалумабпен біріктірілімдегі тремелимумаб пен платина препараттары негізіндегі химиялық ем арасындағы қолжетімді фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері қатарлас емделу кезінде тремелимумаб, дурвалумаб, наб-паклитаксел, гемцитабин, пеметрексед, карбоплатин немесе цисплатин арасындағы клиникалық мәнді фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін анықтамады. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежеде бұзылуы бар пациенттерде препаратының дозасын түзету ұсынылмайды. Бүйрек функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы бар пациенттер туралы деректер осы қауым туралы қорытындылар жасау үшін өте шектеулі. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа дәрежеде бұзылуы бар пациенттерде препаратының дозасын түзету ұсынылмайды. Бауыр функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы бар пациенттерде препаратын қолдану зерттелмеген. |
Жүктілік
| Препаратын жүкті әйелдерде қолдану деректері жоқ. Әсер ету механизмін және плаценталық бөгет арқылы адам IgG2 өтуін ескерсек, жүкті әйелде қолдану кезінде препараты жүктіліктің сақталуына әсер етуі және шаранаға зиян келтіруі мүмкін. Препараты жүктілік кезінде қолдануға, әрі емделу кезінде және соңғы дозасын енгізуден кейін 3 ай бойы тиімді контрацепция әдістерін пайдаланбаған бала тууға қабілетті әйелдерде ұсынылмайды. |
Емізу
| Препаратының ана сүтінен табылуы, емшек еміп жүрген сәбидегі сіңуі мен әсері, сондай-ақ сүт өндірілуіне ықпалы туралы ақпарат жоқ. Адамдағы IgG2 емшек сүтіне өтетіні белгісіз. Емшекпен қоректеніп жүрген сәби үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Препаратымен емделу кезінде және соңғы дозасын енгізуден кейін, кем дегенде, 3 ай бойы бала емізуді тоқтату керек. |
Жағымсыз әсерлері
| Дурвалумабпен және платина препараттары негізіндегі химиялық еммен біріктірілімде препаратымен 75 мг дозада емдеу кезінде тіркелген жағымсыз реакциялар: Өте жиі: - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары (ларингит, назофарингит, фарингит, ринит, синусит, тонзиллит, трахеобронхит және жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларын қоса), пневмония (пневмоцистік пневмония, пневмония және бактериялық пневмонияны қоса) - анемия, нейтропения (нейтропения және нейтрофилдер санының төмендеуі), тромбоцитопения (тромбоциттер санының төмендеуі мен тромбоцитопенияны қоса), лейкопения (лейкопения мен лейкоциттер санының төмендеуін қоса) - гипотиреоз (қандағы тиреотропты гормон деңгейінің жоғарылауын, гипотиреоз және иммунитетке байланысты гипотиреозды қоса) - тәбет төмендеуі - жөтел, қақырықты жөтел - жүрек айну, диарея, іш қату, құсу - аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы (аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, бауыр ферменттері мен трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауын қоса) - алопеция, бөртпе (экзема, эритема, бөртпе, макулалық бөртпе, дақты-папулалық бөртпе, папулалық бөртпе, қышытатын бөртпе және пустулалық бөртпені қоса), қышыну - артралгия - қажу, қызба Жиі: - тұмау, ауыз қуысының кандидозы - фебрильді нейтропения, панцитопения - гипертиреоз (қандағы тиреотропты гормон деңгейінің төмендеуін және гипертиреозды қоса), бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі, гипопитуитаризм/гипофизит, тиреоидит (аутоиммундық тиреоидит, иммунитетке байланысты тиреоидит, тиреоидит және жеделге жуық тиреоидитті қоса) - шеткері невропатия - пневмонит (иммунитетке байланысты пневмонит пен пневмонитті қоса), дисфония - стоматит (шырышты қабық қабынуы мен стоматитті қоса), амилаза деңгейінің жоғарылауы, іштің ауыруы (іштің ауыруын, іштің төменгі бөлімінің ауыруын, іштің жоғарғы бөлімінің ауыруын және бүйір ауыруын қоса), липаза деңгейінің жоғарылауы, колит (колит, энтерит пен энтероколитті қоса), панкреатит (аутоиммундық панкреатит, панкреатит және жедел панкреатитті қоса) - гепатит (аутоиммундық гепатит, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымдану, гепатоуыттылық, жедел гепатит пен иммунитетке байланысты гепатитті қоса) - миалгия - қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы, дизурия - шеткері ісіну (шеткері ісіну мен шеткері ісінуге бейімділікті қоса) - инфузиялық реакциялар (инфузиялық реакциялар мен есекжемді қоса) Сирек: - гравис миастениясы, Гийен-Барре синдромы, менингит - ішек тесілуі, целиакия Жиі емес: - тістің және ауыз қуысы жұмсақ тіндерінің инфекциялары (пародонтит, пульпит, тіс абсцесі мен тіс инфекциясын қоса) - иммундық тромбоцитопения - қантсыз диабет, 1 типті қант диабеті - увеит - энцефалит (энцефалит пен аутоиммундық энцефалитті қоса) - миокардит (аутоиммундық миокардитті қоса) - өкпенің интерстициальді ауруы - жуан ішек тесілуі - дерматит (дерматит пен иммунитетке байланысты дерматитті қоса), түнгі тершеңдік, пемфигоид - миозит, полимиозит, (соның ішінде рабдомиолиз, миозит және полимиозит) иммунитетке байланысты артрит - нефрит (аутоиммундық нефрит пен иммунитетке байланысты нефритті қоса), инфекциялық емес цистит Белгісіз: - көлденең миелит (жұлын миының қабынуы) - ревматикалық полимиалгия (ауырсынуды немесе қарысуды тудыратын бұлшықеттердің қабынуы) Дурвалумабпен біріктірілімде препаратымен 300 мг дозада емдеу кезінде тіркелген жағымсыз реакциялар Өте жиі: - гипотиреоз (қандағы тиреотропты гормон деңгейінің жоғарылауын, гипотиреоз және иммунитетке байланысты гипотиреозды қоса) - жөтел, қақырықты жөтел - диарея - іштің ауыруы (іштің ауыруын, іштің төменгі бөлімінің ауыруын, іштің жоғарғы бөлімінің ауыруын және бүйір ауыруын қоса) - аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы (аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза жоғарылауын, бауыр ферменттері белсенділігінің және трансаминазалар деңгейінің жоғарылауын қоса) - бөртпе (экзема, эритема, бөртпе, макулалық бөртпе, дақты-папулалық бөртпе, папулалық бөртпе, қышытатын бөртпе мен пустулалық бөртпені қоса), қышыну - қызба - шеткері ісіну (шеткері ісіну мен шеткері ісінуге бейімділікті қоса) Жиі: - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары (ларингит, назофарингит, фарингит, ринит, синусит, тонзиллит, трахеобронхит және жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларын қоса), пневмония (пневмоцистік пневмония, пневмония және бактериялық пневмонияны қоса), тұмау, тістің және ауыз қуысы жұмсақ тіндерінің инфекциялары (пародонтит, пульпит, тіс абсцесі мен тіс инфекциясын қоса) - гипертиреоз (қандағы тиреотропты гормон деңгейінің төмендеуін және гипертиреозды қоса), бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі, тиреоидит (аутоиммундық тиреоидит, иммунитетке байланысты тиреоидит, тиреоидит және жеделге жуық тиреоидитті қоса) - пневмонит (иммунитетке байланысты пневмонит пен пневмонитті қоса) - амилаза деңгейінің жоғарылауы, липаза деңгейінің жоғарылауы, колит (колит, энтерит және энтероколитті қоса), панкреатит (аутоиммундық панкреатит, панкреатит пен жедел панкреатитті қоса) - гепатит (аутоиммундық гепатит, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымдану, гепатоуыттылық, жедел гепатит және иммунитетке байланысты гепатитті қоса) - дерматит (дерматит пен иммунитетке байланысты дерматитті қоса), түнгі тершеңдік - миалгия - қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы, дизурия - инфузиялық реакциялар (инфузиялық реакциялар мен есекжемді қоса) Сирек: - қантсыз диабет - увеит - энцефалит (энцефалит пен аутоиммундық энцефалитті қоса) - Гийен-Барре синдромы - ішек тесілуі, целиакия - инфекциялық емес цистит Жиі емес: - ауыз қуысының кандидозы - иммундық тромбоцитопения - гипопитуитаризм/гипофизит, 1 типті қант диабеті - гравис миастениясы, менингит - миокардит (аутоиммундық миокардитті қоса) - дисфония, өкпенің интерстициальді ауруы - жуан ішек тесілуі - пемфигоид - миозит, полимиозит, (соның ішінде рабдомиолиз, миозит және полимиозит), иммунитетке байланысты артрит - ревматикалық полимиалгия (ауырсынуды немесе қарысуды тудыратын бұлшықеттердің қабынуы) - нефрит (аутоиммундық нефрит және иммунитетке байланысты нефритті қоса), инфекциялық емес цистит Белгісіз: - көлденең миелит (жұлын миының қабынуы) |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Кең таралған немесе операция жасалмайтын ГЦК Препараты бір реттік 300 мг доза түрінде 1500 мг1 дурвалумабпен біріктірілімде 1 циклдың 1-ші күні, одан кейін әр 4 аптада дурвалумабпен монотерапияға ұласады. Аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылықтың дамуына дейін. Метастаздық ӨҰЖО Платина препараттарымен химиялық ем кезінде: Препараты 75 мг дозада 1500 мг дозадағы дурвалумабпен және платина препараттары негізіндегі химиялық еммен біріктірілімде 4 цикл бойы (12 апта) әр 3 аптада (21 күн). Платина препараттары негізіндегі химиялық емнен кейін: Дурвалумаб 1500 мг дозада әр 4 апта сайын және гистологиялық деректерге қарай әр 4 апта сайын пеметрекседпен демеуші ем. Препаратының 75 мг бесінші дозасы дурвалумабтың алтыншы дозасымен бірге 16 аптада енгізілуі тиіс. Ең көп дегенде 5 дозаға дейін. Пациенттер аурудың үдеуі немесе қолайсыз уыттылық болмағанда препаратын 5 дозадан асырмай 1500 мг дозадағы дурвалумабпен және платина препараттары негізіндегі химиялық еммен біріктірілімде қабылдай алады. Препараты вена ішіне енгізуге арналған, препарат сұйылтудан соң кемінде 1 сағат ішінде вена ішіне инфузиялау түрінде енгізіледі. |
Балаларда қолданылуы
| Препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларда анықталмаған. Деректер жоқ. |