A10AE06 Деглудек инсулині (Insulin degludec)
Қолдану көрсеткіштері
Қант диабетін емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Сахарный диабет 1 типа
- Сахарный диабет 1 типа у детей и подростков
- Сахарный диабет 2 типа у детей и подростков
- Диабетическая нефропатия
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Пациентті инсулиннің басқа типіне немесе басқа сауда маркасына немесе басқа өндірушіге ауыстыру қатаң медициналық бақылаумен жүргізілуі тиіс. Инсулин дозасы пациенттің инсулинге қажеттілігінен тым жоғары болса, ас ішу уақытын өткізіп алғанда немесе жоспарланбаған қарқынды дене жүктемесінде пациентте гипогликемия дамуы мүмкін. Препараттың жеткіліксіз дозасы немесе емдеуді тоқтату гипергликемияның немесе диабеттік кетоацидоздың дамуына әкелуі мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Пероральді гипогликемиялық препараттар, глюкагон тәрізді пептид-1 (ГТП-1) рецепторларының агонистері, MAO тежегіштері, таңдамалы емес бета-адреноблокаторлар, ААФ тежегіштері, салицилаттар, анаболикалық стероидтар және сульфонамидтер- инсулинге қажеттілікті азайтуы мүмкін;Пероральді гормональді контрацептивтік дәрілер, тиазидті диуретиктер, глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, симпатомиметиктер, өсу гормоны және даназол- инсулинге қажеттілікті арттыруы мүмкін; Бета-адреноблокаторлар гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін.Октреотид/ланреотид ағзаның инсулинге қажеттілігін арттырады/ төмендетеді.Этанол инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтуі/ азайтуы мүмкін;Кейбір дәрілік заттар препаратқа қосылғанда инсулин деглудек ыдырауын туындатуы мүмкін.Инсулин деглудекті инфузиялық ерітінділерге қосуға болмайды.Бұл препаратты басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау және инсулин дозасын жекелей түзету керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау және инсулин дозасын жекелей түзету керек.
Жүктілік
Қант диабеті бар жүкті әйелдерді бүкіл жүктілік мерзімі бойына, сондай-ақ жүктілікті жоспарлағанда мұқият қадағалау қажет.
Емізу
Инсулин деглудектің ана сүтімен бөлініп шығуы белгісіз.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: гипогликемия;Жиі: иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар; асқын сезімталдық, ерекжем; зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылыстар: тері мен тері асты тіндері тарапынан бұзылыстар: липодистрофия.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.