A01A09 Миконазол (Miconazole)

Қолдану көрсеткіштері

Оральді, фарингеальді, эзофагеальді, ішек кандидоздарының алдын алу және емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Перекрестный (overlap) синдром
  2. Узелковый полиартериит у детей
  3. Ювенильная локальная склеродермия

Қарсы көрсеткіштері

Препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Нақты дозалау үшін межеленген өлшегіш қасық бірге беріледі.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Келесі препараттармен бірге қолдану қарсы көрсетілген: астемизол, цизаприд, дофетилид, мизоластин, пимозид, хинидин, сертиндол, терфенадин.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Миконазолды ішу арқылы қабылдағаннан кейін келесі жағымсыз реакциялар анықталған: асқазан-ішек жолы тарапынан: жүрек айнуы, құсу және өте жиі диарея (әдетте ұзақ емдегенде); иммунды жүйе тарапынан (өте сирек): аллергиялық жағдайлар, ангионевротикалық ісіну және анафилактикалық реакцияларды қоса; Лайелл синдромы, Стивенс Джонсон синдромы, есекжем, бөртпе; бауыр және өт шығару жолдары тарапынан (өте сирек): гепатит (жекелеген жағдайлар).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар 2 жастан бастап: ½ шай қасықтан (2,5 мл) күніне 4 рет. Препаратты барынша ұзақ ауызда ұстау қажет. Емдеу курсы 7-14 күн.Қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты 2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.